Ал анықтамасы бар, алайда, шекарада жоғары дене температурасы анықталған өзге елдің азаматтары Павлодар қаласындағы инфекциялық стационарға жеткізіледі.
"Облысымызда шекараға жақын Успен, Железин, Шарбақты, Ертіс аудандарында еліміздің азаматтары үшін 10-30 орынды карантиндік стационарлар ашылды. Қазіргі уақытта Успен ауданында – 10, Шарбақтыда – 6, Железинде – 5-7 адам карантинде жатыр. Сондай-ақ шекарада медициналық ұйымдармен бекеттер қойылған", деді Сәуле Арыстанова.
Айта кетейік, шекарадан өту туралы жаңа қаулы қабылданған күні таңертең Қазақстанға 98 адам кірген. Оның ішінде 5 азамат кері қайтарылған.