Бағдарламаға сай "Қызылорда" Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы берілетін несие сомасы 5 млн теңгеден 10 млн теңгеге дейін. Мерзімі 5 жыл.
Облыстық кәсіпкерлік палатасының бөлім басшысы Гаухар Елеусінованың айтуынша шағын несиенің пайыздық мөлшерлемесі 17,5%. Соның ішінде инвестициялық мақсатқа берілген несиелердің бастапқы үш жылында, ал айналым қаражатына берілетін несиенің әуелгі екі жылында кәсіпкер пайыздық мөлшерлемені 6%-бен төлесе, мемлекет тарапынан 11,5%-ы субсидияланады.
"Бағдарлама аясында несие алуға ниет білдірген азаматтар кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы мен аудандардағы кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінен қажетті сауалдарына жауап ала алады", дейді Гаухар Елеусінова.