Қоғам • 08 Қазан, 2020

"Saqbol" қосымшасы COVID-19 жұқтырғандардың санын азайтады

349 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекцияның таралуын бақылау және жұқтыру ошақтарын уақтылы оқшаулау мақсатында "Saqbol" мобильді қосымшасын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Saqbol" қосымшасы COVID-19 жұқтырғандардың санын азайтады

Қосымша хабарлама функциясын іске қосу арқылы COVID-19 үшін оң нәтиже көрсеткен азаматқа соңғы 14 тәулік бойы екі метрден аз қашықтықта және 15 минуттан астам уақыт ішінде қосымшаның басқа пайдаланушыларымен байланысы туралы жасырын түрде ескертуге мүмкіндік береді.

Басқа құрылғылармен өзара іс-қимыл жазбаларын сақтау үлгісі шифрланған болады.

"Saqbol" қосымшасын қолдануға, біріншіден смартфонға жүктеп, одан кейін шифрланған деректер берілетін Bluetooth функциясын қосу керек. Қосымша IOS жәнеAndroid-та қолжетімді.

Бағдат Мусиннің айтуынша, қосымша азаматтарды жұқтыру қаупі бар туралы уақтылы хабардар етуге және инфекцияның таралуын едәуір азайтуға мүмкіндік береді.

"Барлық қазақстандықтарды осы қосымшаны белсенді түрде пайдалануға, мұқият және жауапты болуға шақырамын. Осылайша, індет ошақтарын барынша оқшаулап, Covid-19-ның таралуына жол бермейміз. Біз халық алдындағы жауапкершілікті түсінеміз және барлық жеке деректер қосымшада барынша шифрланған етіп жасадық. Бұл қосымша пайдаланушылардың басым түрде жасырын болуын қамтамасыз етеді", деп түсіндірдіҚазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

"Қосымшаның жұмысы сол бағдарлама орнатылған басқа құрылғылармен байланыста болған адамдарды жасырын түрде іздеуге бағытталған. Оны пайдалану үшін тіркеу қажет емес. Бағдарлама жеке деректерді немесе орналасқан жер туралы деректерді жинамайды және жібермейді. Хабарландыруды іске қосқан кезде, бағдарлама автоматты және жасырын түрде бұл туралы басқа пайдаланушыларға хабарлайды. Осылайша, осы қосымша азаматтардың сақтығын арттыруға және жұқтырған адамдармен байланысы туралы уақытылы хабардар етуге көмектеседі", деп толықтырды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Хабарламаны алған пайдаланушылар қосымшада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұдан әрі іс-қимылдары туралы ұсынымдарымен таныса алады.

Бұдан басқа, пайдаланушыларға ыңғайлы болу мақсатында қосымшаға өзін-өзі анықтаудың COVID-19, i-Doctor, i-Teka ресми боттары, сондай-ақ Қазақстан бойынша COVID-19 өзекті статистикасы сияқты сервистер біріктірілген.

"Saqbol" қосымшасын әзірлеуші "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ болып табылады.