Елорда • 08 Қазан, 2020

Елордада жексенбі күні қоғамдық көліктер жүретін болды

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа-райының салқындауына байланысты, сондай-ақ елорданың тұрғындары мен жұмыс берушілердің сұрауы бойынша жексенбі күні қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылмайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада жексенбі күні қоғамдық көліктер жүретін болды

Жексенбі күні автобустар сағат 21:00-ге дейін жүреді. Басқа күндері қоғамдық көліктер қалыпты жұмыс істейді.

"Автобустар мен автопарктерде әдеттегідей әр айналымнан кейін және соңғы аялдамаларда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады", делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.