Аймақтар • 08 Қазан, 2020

Арқалық құс фабрикасы өз жұмысын тоқтатады

461 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қостанай облысының Арқалық қаласындағы қала құраушы кәсіпорын, қуаты жылына 120 млн дана жұмыртқа шығаратын және 220 тұрақты жұмыс орны бар "Агроинтерптица" ЖШС құс фабрикасы белгісіз мерзімге жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған фабриканың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арқалық құс фабрикасы өз жұмысын тоқтатады

Қазақстанда жоғары патогенді құс тұмауының таралуына байланысты кәсіпорында құстар жаппай қырылды. Құс фабрикасында індет басталғанға дейін құс басының жалпы мөлшері 502 600 басты құраған.

Қолданыстағы нормаларға сәйкес, құс ауруы кезінде алып тастау және жою мәселелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетімен, Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық эпизоотияға қарсы бөлімімен қаралады – олар негізгі уәкілетті органдар болып табылады.  Бірақ бүгінгі күнге дейін аталған мемлекеттік органдар жою процесін созып, әрекет етпей отыр.

"Біз бірде-бір алып тастау актісін де, жою актісін де алған жоқпыз, біз алып тастау туралы бірде-бір қаулы алған жоқпыз, біздің фабрикада ашық ауада әлі де 70 мың басқа жуық құстар жатыр. Біз жай ғана құстарды жоюға бар күшімізбен көмектесіп жатырмыз, бірақ мемлекеттік органдарсыз жоюды өз бетінше жүргізуге құқығымыз жоқ. Өкінішке қарай, мемлекеттік органдардан қолданыстағы Ережелер шеңберінде уақытылы әрекет етуін, тиісті ресімдеуін, өтемақы мен көмек төлеуін күтудің қажеті жоқ екендігі түсінікті болып отыр, сондықтан біз фабриканың жұмысын толығымен тоқтата тұруға және қызметкерлерді қысқартуға мәжбүрміз. Бүгінгі таңда біз қызметкерлерге қыркүйек айына толық жалақы төледік, кредиторлармен есеп айырысуға, коммуналдық төлемдер мен салықтарды төлеуге ниеттіміз. Өлім-жітімнен туындаған тікелей залал сомасы 554,7 млн теңгені, алынбай қалған жұмыртқадан ұтылған пайда сомасы 356,0 млн теңгені, банк пен жеткізушілер алдындағы борыштар 500 млн теңгеден астам соманы құрады", - деді кәсіпорынның құрылтайшысы және инвесторы Александр Лоренц.

Кәсіпорынның қызметін қайта бастауға кемінде бір жыл қажет болады. Бұл үшін қажетті салымдардың мөлшері шамамен 1,5 миллиард теңгені құрайды. Инвестор үшін негізгі мәселелер - өндірісті қайта бастау үшін мұндай ақшаны қайдан алуға болады және АШМ-нің жұмыртқа құс фабрикаларына қатысты өзгерген саясатын ескере отырып, мұны істеу тұрарлық па.

Арқалықтағы құс фабрикасы 1970 жылдан бері жұмыс істеп келген. Қызметі 1992 жылы тоқтатылған. Германиядан келген инвестор Александр Лоренцтің күшімен кәсіпорынды қалпына келтіру 2008 жылдың жазында, "Агроинтерптица" ЖШС құрылған кезде басталды. 2009 жылы, 20 жылға жуық үзілістен кейін, өндіріс қайта іске қосылды. 2017 жылы фабрика жылына 123 млн дана жұмыртқа шығара бастады.