Қоғам • 08 Қазан, 2020

Елордалық мектептер жыл соңына дейін толық бейнебақылаумен қамтылады

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл соңына дейін Нұр-Сұлтан мектептерінде 4 752 бейнебақылау камерасын орнату жоспарлануда. Бұл туралы брифингте Нұр-Сұлтан қалалық цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының бөлім басшысы Даниял Айткенов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордалық мектептер жыл соңына дейін толық бейнебақылаумен қамтылады

"Толық бейнебақылаумен қамтамасыз ету үшін қазіргі уақытта мектептерде камералар орнату жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 4 752 камерамен жабдықтауды жоспарлап отырмыз. Осылайша, елордадағы мектептер 100% бейнебақылаумен қамтылады", - деді Даниял Айткенов.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда оқу орындары компьютерлік техникамен және интернет желісімен толық жабдықталған. Сондай-ақ онда робототехника кабинеттері мен STEM-зертханалар ашылды. Сонымен қатар мектеп асханаларында қолма-қол ақшасыз төлем енгізілді, соның арқасында ата-аналар балаларының тамақтануын бақылай алады.

Оқушылардың мүмкіндігін ашу үшін елордада жыл сайын техникалық білім беру саласындағы барлық соңғы жетістіктерді қамтитын ғылыми-білім беру STEM-олимпиадалары өткізіледі. Олимпиада инженерия, бағдарламалау, робототехника және 3D-модельдеу сияқты ғылымдардан тұрады.