Аймақтар • 08 Қазан, 2020

Амандық Баталов 100 жастағы еңбек және соғыс ардагерін құттықтады

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отан соғысының және еңбек ардагері, Қапшағай қаласының Құрметті азаматы Оксана Бетебаева 100 жасқа толды. Мерейтой иесін осы айтулы оқиғамен облыс әкімі Амандық Баталовтың атынан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Маржан Мұрат пен Қапшағай қаласының әкімі Нұрлан Құматаев құттықтап, облыс әкімінің Құрмет грамотасын және естелік сыйлық тапсырды, - деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Амандық Баталов 100 жастағы еңбек және соғыс ардагерін құттықтады

Оксана Демидовна Украинаның Полтава облысында өмірге келді. Жеті жылдық мектепті бітірген соң медициналық училищеде оқыды, мұнан соң Петрово-Роменский аудандық ауруханасында жұмыс істеді. 20 жасында 1941 жылы шілдеде армия қатарына алынып, Полтава қаласында № 1668 әскери госпитальда медбике қызметін атқарды.

Соғыс жылдарында әскери офицер Бекежан Бетебаевқа тұрмысқа шықты. Соғыс біткен соң жұмыс жағдайына байланысты ерлі-зайыптылар Жаркент қаласына ауысып, бұл жерде де Оксана Демидовна өз мамандығы бойынша жұмысын жалғастырды. Кейін отбасы Іле кентіне, одан кейін Қапшағай қаласына қоныс аударды.

Оксана Демидовнаның ерлігі мен еңбегі лайықты бағаланып, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, Жуков медалімен және басқа да көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталды.

Қазіргі кезде Оксана Демидовна туған-туыстарымен бірге Қапшағай қаласында тұрады. Ол – қала тұрғындарының мақтанышы.