«Соңғы жылдары білім сапасына баса назар аударылып жүр. Бүгінде әлемдік университеттерге еркіндік беру ұсынылып отыр, Еуразия университеті, Әл Фараби атындағы университеті. Олар биіктен көрініп жүр. Енді оларды тексермей-ақ, зерттеу институттарының дәрежесіне көтеру, оларға қосымша қаржы бөлу, шетелдік студенттерді тарту, байланысты нығайту, білім және ғылым саласынан шыққан жетістіктерді өндіріске жеткізу жоспарланып отыр. Қазақстан да бәсекеге қабілетті болу үшін бірқатар талаптарды өзгертуде», - деді Р.Алшанов.
Спикердің атап өтуінше, тексеру барысында кейбір университеттердің талапқа сай еместігі анықталды. Олардың лицензиялары қайтарылды. Кейбір университеттер Институт, Академияға айналады.
«Пандемия елімізде дамыма қалған салаларын көрсетті, мысалы, дәрі өндіреу, вакцина шығару. Осының барлығын нақтылап, мықты университеттер дүниежүзілік дәрежеде бәсекеге қабілетті болатындай, халқымыздың экономикасын көтеретін жағдайға жеткізу мәселесі қаралуда», - деді спикер.