Кино • 09 Қазан, 2020

Таңдау «Ауылға» түсті

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» екінші питчингінде авторлық және артхаус фильмдері санатында «Мерада» компаниясының «Ауыл» толықметрлі көркем фильмінің жобасы жеңіске жетті.

Таңдау «Ауылға» түсті

Фильмнің режиссері Се­рік Апрымовтың айтуынша, «Ауыл» – өмірлік құн­ды­лық­тар туралы ой салатын те­рең фильм. Фильм желісі бо­­йынша Айдос есімді жас ре­­жиссер Балқаш көліндегі ба­­лықшылардың өмірі жайлы фильм түсіруге тапсырма ала­ды. Бірақ жолдан адасып кетіп, ескі ауылға тап болады. Сыр­тынан момақан көрінетін кіш­кентай ауыл өмірінің өз заңы, шиеленіске толы қызу тірлігі бар болып шығады. «Кар­­­ти­наның басты идеясы – біз­дің бүкіл өмірімізге жол сіл­тей­ді. Бұл жол – өзіңді іздеу, өмі­рің­­нің ма­ғынасын іздеуден тұрады. «Ауыл» – авторлық ки­но және осы тұрғыдан қа­рау­­ға дайын көрермендерге ар­­­­налған», дейді кинотуынды ре­­­жиссері.

Қазіргі таңда фильм, Кино орта­лығының басқа да корона­вирустық пандемия аясында қо­йыл­ған шектеулерге байланыс­ты кейінге қалдырылған көп­теген жо­ба сияқты дайын­дық ке­зеңінде.