Технология • 09 Қазан, 2020

Әлеуметтік ақпараттық технологиялардың әлеуеті

265 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Көктемгі карантин кезінде BTS Digital компаниясы вирус салдарымен күреске, сондай-ақ халыққа қолдау көрсетуге бағытталған бірқатар әлеуметтік жобаны жүзеге асырды.

Әлеуметтік ақпараттық технологиялардың әлеуеті

«Біз қазақстандықтардың карантин жағ­дайында да қажетті қызметтерді алуына жағдай жасау­­ды алдымызға мақсат етіп қойдық әрі бұл ретте олардың өмірі мен денсаулығына нұқ­сан келмеуін қа­дағалау керек болды. Ол үшін ком­паниямыздың барлық ресурс­тарын жұмылдырып, халыққа цифр­лық технологиялармен қол­дау көрсетудің анағұрлым басым бағыттарын айқындадық. Ең алдымен мем­лекеттік және әлеу­меттік қызметтерге, халықты ақпа­раттандыруға, сонымен қатар қашықтан оқыту мәселесіне ден қой­дық», деді BTS Digital компания­сының басшысы Нұртай Әбілғалиев.

Компания кез келген адам 42 500 теңге мөл­шеріндегі әлеуметтік көмекті алуға өтінім бере алатын 42500enbek.kz сайтын іске қосты. Әзір­ленген сайт мемлекеттен көмек алудың аздаған тәсілдерінің біріне айналды. Нәтижесінде 2 млн-нан астам азамат қаржылай көмекке уақтылы қол жет­кізді.

Сонымен қатар компания eGov.kz­ электронды үкімет порталына Digital ID цифрлық сәйкестендіру жүйесін енгізді. Жобаның басты мақсаты – қазақстандықтарға мем­лекеттік және білім беру қыз­мет­терін үйден шықпастан алу мүм­кіндігін ұсыну. Ол үшін сайт­қа тір­келіп, пайдаланушының фо­то­суреті мен видеосы, сонымен бір­ге жеке куәлігінің немесе төл­құ­жатының үлгілері арқылы онлайн-сәй­кестендіруден өту жеткілікті бол­ды. Жүйе деректерді автоматты түрде салыстырып, пайдаланушы тұлғасының оның құжаттарымен сәйкес келетінін анықтап отырды. Осылайша, карантин кезінде 1,7 млн-нан астам жеке және 113 мың заңды тұлға ЭЦҚ алып, мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару қажеттілігінсіз пайдаланды.

Компанияның келесі әлеуметтік жо­басы мектеп түлектерін ҰБТ-ға­ және магистранттарды кешенді ем­­тиханға тіркеу кезінде Digital ID-ді пайдалану болды. Цифрлық сәйкестендіру жүйесі арқылы ҰБТ тапсырушылардың 82%-ы және магис­транттардың 98%-ы онлайн тіркелді.

«Тәжірибе көрсеткендей, қызмет­терді онлайн алуға бағытталған жо­балар коронавирус пандемиясы кезінде әлдеқайда тиімді болып шықты. Бұл барлығымызға әлеуметтік қашықтықты сақтап, қажетті қызметтерді онлайн алуға мүмкіндік бере­ді. Біз әзірлеген цифрлық сәйкестендіру технология­сы миллиондаған қазақстандыққа пайда­сын тигізгеніне қуаныш­тымын», деді Н.Әбілғалиев.

Оған қоса, BTS Digital компания­сы Aitu Birge бірыңғай коммуни­кация орталығын құрып, онда дәрі­­герлердің алдыңғы қатарлы әдіс­темелерін пайдалана отыра, нақ­­ты жағдайдағы ең дұрыс іс-әре­кет ал­горитмін автоматты түрде ұсы­­натын азамат­тардың өзін-өзі диаг­нос­ти­калау бірегей ботын іске қосты.

Компанияның тағы бір әзірлемесі help.coronavirus2020.kz сайты азаматтар мен мемлекет арасындағы қатынастың басты алаңына айналды. Аталған сайтта кез келген адам әлеуметтік көмек алу және вируспен күрес әдістері жөнінде сарапшыларға сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды. Сайт жұмысы кезінде 41 мың сұрату өңделді.

Жүргізілген жұмыс барысында көптеген әлеуметтік маңызды жобаларды бір ортаға тоғыс­тырған Aitu экожүйесі айрықша рөл атқарды. Оның көмегімен 1 млн-нан астам қазақстандық смарт­фон арқылы еліміздің кез келген өңірінен азық-түлік пен алғашқы қажеттілік тауарларына тапсырыс беріп, жаңалықтар мен ақпараттарға, танымдық әрі ойын-сауық сервистеріне және даму мүмкіндіктеріне қол жеткізді.

«АТ-компания өкілі ретінде пандемия салдарымен тиімді күресуде технология атаулының үлкен көмек беретініне сенімдімін. Өйткені сол арқылы қазақстандықтар қа­жет­ті қызметтерді онлайн алып, әлеу­мет­­тік қашықтықты сақтай алады. Сон­дықтан компаниямыздың алдында тұрған кезекті міндет – әрі қарай да әлеуметтік, қайырымдылық және во­лонтерлік қызметтер миссия­сы түйіс­кен жобаларды әзірлеу. Біз цифр­лы технологиялардың Қа­зақ­стандағы өмірді жақсырақ, же­ңілірек әрі ыңғайлырақ ететініне сенеміз», деді Н.Әбілғалиев.

Жуырда коронавирус пандемиясымен күреске қосқан үлесі үшін BTS Digital компаниясының бас директоры Н.Әбілғалиев «Халық алғысы» меда­лімен марапатталғанын айта кете­лік.