13 Қараша, 2013

«Благодарность» орденімен марапатталды

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының әкімі Қос­ман Айтмұхаметов Көкше­тау­ға келген Астана және Қазақ­стан митрополиті Алек­сандрмен кездесті. Митрополит өңір бас­­шы­­сына Көкшетау және Ақмоланың жаңа епископы Сера­пи­онды таныстырды.

Ақмола облысының әкімі Қос­ман Айтмұхаметов Көкше­тау­ға келген Астана және Қазақ­стан митрополиті Алек­сандрмен кездесті. Митрополит өңір бас­­шы­­сына Көкшетау және Ақмоланың жаңа епископы Сера­пи­онды таныстырды.

Жүздесу барысында облыс­та­ғы іргелі істер жайында әңгіме өрбіді. Өңірдегі өзара түсіністік пен келісім шапағаты ретінде об­лыс диқандарының биылғы күр­делі орақта әр гектардан 12 центнерден астық жинауы атап көрсетілді. Ортақ мүдде жо­лындағы игі жоспарлар да нәти­желі атқарылып келеді. Бұл облыста тіркелген 180 ді­ни бірлестіктің тұрғындарды жақ­сылық пен бауырмалдыққа жұмыл­дырып, мемлекеттік бағ­дар­ламалардың табысты орында­луына мүдделілік танытуының жемісі деп бағаланды.

Облыста діни қызмет пен ұста­нымдарға құрмет сезімі қалып­тас­қан. Қазіргі күні 100 мешіт пен 86 на­мазханада, 25 правосла­вие шір­кеуінде, 9 католик косте­лін­де және 22 уағыз үйінде діни іс-ша­ралар жүргізілуде.

Митрополит облыстағы діни ахуал­дың тұрақтылығын, этнос­­аралық және кон­фессия­­­аралық келі­сімді сақтау мен ны­ғайтуда елеулі жұ­мыс­тар атқарылып отыр­ған­дығын атап көрсетті. Сонымен қатар, ол Аста­на қаласында О­р­талық Азиядағы ең үлкен және ұлық храм құрылысына үлес қос­қаны үшін облыс әкімі Қосман Айт­мұхаметовке алғысын білдіріп, «Бла­годарность» орденімен марапаттады.

Митрополиттің облысқа сапарында оның жанында Қарағанды және Шах­тинск епископы Севастиан бірге болды.

Бақберген АМАЛБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Ақмола облысы.

Соңғы жаңалықтар