Білім • 09 Қазан, 2020

Үлгерімі төмен оқушыны қалай үйретуге болады?

4163 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны» дейді Елбасы Н.Назарбаев. Білім беру – жекелеген құбылыс немесе дағды емес, оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені ретінде айқындалған. Әлемдік деңгейге жету мақсатын көздей отырып, жаңаша қырда қолданылатын көптеген технологияны отандық педогогтер өз тәжірибелерінде тиімді пайдалануда.

Үлгерімі төмен оқушыны қалай үйретуге болады?

Мұғалімнің жеке тәжірибесіндегі жан-жақ­ты іздену, жұмысын түрленді­ру, сабақты қызықты өткізуінің нәти­же­сінде оқушылардың пәнге деген үлге­рімі жақсаратыны сөзсіз. Әрине бар­­лығы мұғалімнің шеберлігі мен оқу­шының қызығушылығына байланысты.

Мектептегі оқушы үлгерімінің төмендігі себебін түсіндіру мақса­тында көптеген көрнекті педа­гог­тер және психологтер өз көзқарас­тарын білдірген. Солардың бірі П.П.Блонский «Мектептегі үлгер­меу­­­шілік мектептің тәрбиелік және дидактикалық талаптарына тәр­­тіп пен оқудың нәтижелерінің сәй­кес келмеуі» деп түсіндіреді. Ал пе­да­гоги­калық-психологиялық сөздікте оқу­шылардың үлгермеушілігі – бұл жалпы білім беретін мектептерде жылдық оқу бағарламасын мең­гермеген және екі не одан да көп пәндерден академиялық үлгер­меу­шілігі бар оқушылармен айқын­да­латын педагогикалық әдістердің те­ріс құбылысы деп көрсетіледі. И.В.Дубровина үлгермеушілікті бі­лім­­ді игеруге, оқу дағдысын дамы­туға, шығармашылық әрекетінің қа­лып­та­суына және танымдық қатына­сын­дағы тәр­биелікке қойылатын мектептің мін­­детті талаптарына оқу­шылар да­йын­дығының сәйкес кел­меуі деп қарас­ты­рады.

Қазіргі кезде халыққа білім бе­ру жүйесінде үлгерімі төмен оқу­шыларға үлкен көңіл бөлініп отыр. Денсаулығы дұрыс кез келген оқушы мектеп бағдарламасын толық игеруі керек. Үлгерімі төмен оқушылардың басым көпшілігі оқу бағдарламасын қиындықпен, тіпті кейбірінің не­гізгі пәндерден ұзақ уақыт бойы үлгер­меуіне байланысты жүргізілетін жұмыстар да жолға қойылған. Соның бірі – қазақ тілі мен әдебиеті пәні бо­йынша үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс деуге болады.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бо­йын­ша үлгерімі төмен баламен жұ­мысты бірнеше кезеңді қам­тып және бірнеше бағытта жүр­гі­зуге болады. Бұл бағыттар бойынша жүргізілетін жұмыстар арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, қабілетін ашу, ізденіске ұмтылдыру, білімге деген құштарлығын шыңдау басты назарға алынады. Әсіресе, жағымсыз мінез-құлықтарын жою бо­йынша берілген тапсырмалар сабаққа бел­сенділік, пәнге қызығушылық таныта қоймайтын балаларға өте қы­зықты. Олардың білімге деген құш­тарлығы шығармашылық тұр­ғыда қалыптасады. Жаңа әсер алу үшін басқаны тыңдай және құрметтей білуге ұмтылу, берілген тапсырмаға қы­зығушылық тұрғыдан қарау ба­ланың мінез-құлқының маңызды бөлігі. Білімге ұмтылыс соған сәйкес мінез-құлық тудырады және баланың психикалық дамуының өзін өзі дамыту процесіне айналуына жағдай жасайды, шығармашылық ізденіске жетелейді, талпындырады.

Оқушыға деген мұғалімнің таби­ғи, шынайы және әдепті қарым-қа­ты­насы оның тарапынан да осындай іс-әрекеттердің пайда болуына әсер етеді. Біріншіден, оқушы бо­йын­да коммуникативтік дағдылар қалыптастыруда мұғалім өзінің кә­сіби әрекеті арқылы үлгі көрсете біл­се, екіншіден, кәсіби шеберлігі ар­қы­лы осы дағдыларды сіңіре отырып, са­бақ беру барысында оқушының өз бе­тімен білімді игеру қабілетін қа­лып­­тастырады.

Зерттеу мақсатын шешу үшін қи­сынды және шығармашылық ой­лаудың дағдылары мен әдеттері қажет. А.И.Савенков және басқа да авторлар арнайы тренингтердің бала­ның білімге деген қабілетін дамытуға әсері бар екенін айтады. Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс мұғалімнің бақылауымен тікелей жүзеге асуы қажет. Бұл – әр жұмыс түрі талданып, сараптама жасалып отыру қажет деген сөз. Осы сараптама негізінде үл­герімі төмен оқушыларды түрлі ашық сабақ­тарға атсалыстырып, қабілетін дә­лелдеуде ғана баланың өз біліміне деген сенімін арттыруға болады. Үл­герімі төмен әр баланың ынтасын оята отырып, түрлі деңгейдегі жұ­мыс­қа тартуға мүмкіндік беріледі. Жас ерекшелігін ескере отырып, қабілетіне қарай баланы жүйелей дамыту арқылы қолдау көрсету қажет. Мұн­да әкелер үлесінің зор екенін айқындай түсуге болады.

Үлгерімі төмен баламен жұмыс өзін өзі тануға, өзін өзі тәрбиелеуге, үнемі өзін дамытуға, ұстанымға бе­рік, ешкімді қайталамайтын тұл­ға­ны тәрбиелейді. Екіншіден, үлге­рімі төмен баланы келешектегі кә­сіби мамандығын таңдауы үшін ше­шім қабылдауға итермелейміз. Үшіншіден, үлгерімі төмен баламен жұмыс істеу барысында мек­тептегі іс-шараларды өткізуге икем­дейміз. Төртіншіден, өз бетімен мүм­кіндіктерін ашуға ұмтылдырамыз. Мұн­дай жұмыс түрлері оқушыға үлге­рімін жақсартуға көмектеседі. Оқу­шыны жақсы, орта, төмен деп бөлмей, оларды тұлға ретінде қалып­тастыру үшін психологпен, әлеу­меттанушымен, медбикемен тиімді жұмыс ұйымдастырылуы керек.

Мұғалімі ретінде осы әдіс-тәсіл­дерді, осындай жұмыс түрлерін сабақ­та және сабақтан тыс іс-шараларда және түрлі зияткерлік ойындарға қатыс­тыру арқылы оқушының жоға­ры нәтижелер көрсетуіне қол жет­кізіп, алған ақпараттарын, игерген білім­дерін өмірде пайдалануына мүм­кіндік береміз.

Білім беру мекемелерінде үлгерімі төмен балалармен жұмыс барысында пәндік сабақтың рөлі ерекше. Осы тұрғыда «оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын қалай тиімді ұйымдастыруға болады?» деген сұрақ туындайды. Бұл әрине мектепте әдістемелік кеңесте немесе директордың оқу-тәрбие істері жөніндегі орынбасарының бас­қаруымен жүргізілетін жұмыс. Пән мұғалімдері үшін танымдық бағдарлама құрылып бекітіледі. Оқушыларды жұмыстың бағыт­тары­мен таныстыра отырып, қызығу­шылығын қалай тудыруға болатыны анықталады. Содан кейін жұ­мыс тақырыбын анықтау мәселесі туын­дай­ды. Ол тақырып жақсы жаңа­лық­қа негіз­делген, баланың қызы­ғушы­лы­ғын дамытатын болуы шарт.

 

Айнаш ТӘҢІРБЕРГЕНОВА,

«№3 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Қостанай облысы,

Лисаков қаласы