Медицина • 09 Қазан, 2020

Тісіңізді тегін емдеп береді

1237 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Биыл 8 айда көрсетілген 156 539 стоматологиялық қызмет үшін Әлеуметтік медицина­лық сақтандыру қоры 266 млн теңге төледі. 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Нұр-Сұл­тан­ қаласында 21 жет­кізу­ші стоматологиялық қыз­мет көрсетеді. Оның ішін­­де, мемлекеттік – 11, жеке­­меншік клиникалар – 10. Биыл қор жеткізу­ші­­лері­нің саны 2019 жылмен са­лыс­­тырғанда біраз өсті, өткен жылы 1 мем­ле­кет­тік және 4 жеке­мен­шік кли­ника, барлығы 5 жет­­кізуші стоматологиялық көмек көрсеткен болатын», деп хабарлайды «Әлеу­мет­тік медициналық сақтан­дыру қоры» КеАҚ Нұр-С­ұл­тан қаласы бойынша фи­лиа­лының баспасөз қызметі.

Тісіңізді тегін емдеп береді

МӘМС жүйесінде жоспарлы стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйел­дерге тегін көрсетіледі. Шұғыл сто­ма­тологиялық көмекті 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектер, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқа­лары­­мен марапатталған көпбалалы аналар, атаулы әлеуметтік кө­мек алушылар, жасы бойынша зейнет­керлер, әлеуметтік мәні бар ауру­лармен ауыратындар, мүгедек балаға күтім жасайтын жұмыс істе­мей­тін адам­дар, бала кезінен бірінші топ­тағы мүгедекке күтім жасайтын жұ­мыс істемейтін адамдар ала алады.

Ортодонтиялық көмек жақ­сүйек-бет аномалияларын жою­ға арналған аппаратты пай­дала­на отырып, жақсүйек-бет айма­ғы­ның туа біткен патологиясы бар 18 жасқа дейінгі балаларға көрсетіледі.

Сондай-ақ биылдан бастап Әлеуметтік медициналық сақ­тан­дыру қоры МӘМС пакеті бойынша әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балаларды – атау­лы әлеуметтік көмек алушыларды қолдауды қарастырған. 6 жас­тан 12 жасқа дейінгі балаларға түрлі жақсүйек-бет аймағының ауыт­­қулары (тістем бұзылулары, жақ­тың микрогнотиясы) кезінде орто­дон­тиялық көмек көрсетілетін болады.

«Елордада тегін стоматоло­гиялық көмек алуға құқылы па­­циент емханаға да, стоматология­лық клиникаға да жүгіне алады. Бұл ретте стоматологиялық қызмет көрсететін клиника қор­дың әлеуетті қызмет жеткізушісі және әлеуетті қызмет жеткізушілер тізілімінде болуы маңызды. Шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету пациенттің еркін таңдауы негізінде жүзеге асырылады (бала – ата-ана немесе заңды өкіл болған жағдайда) және пациенттің тіркелген жері бойынша учаскелік дәрігердің жолдамасының болуы талап етіл­мейді. Қызмет көрсету фактісі және стоматологиялық көмек көлемі ақпараттық жүйеде тіркеледі, бұл алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымы мен стоматологиялық клиникалар арасында бірлесіп орындау шартын жасасуға негіз болады, ол ақпараттық жүйеде автоматты түрде қалыптастырылады», деп түсіндіреді «Әлеуметтік меди­циналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.

Көрсетілген қызметтерге ақы төлеу пациенттің тіркелген жері бойынша  алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйы­мы (емхана) арқылы жүргізіледі. Көрсетілген қызметтер нақты қыз­мет көрсету дерегі (факт) бойынша ақпараттық жүйеге енгізіледі. Ме­ди­циналық көмек көрсетуден бас тартқан жағдайда, әлеуметтік меди­циналық сақтандыру қорына Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы арқылы жүгіну қажет, қосымшаны Play Market және App Store арқылы  орнатуға болады.