Спорт • 09 Қазан, 2020

"Астана" футбол клубының атқарушы директоры тағайындалды

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін клуб кеңсесінде клубтың жаңа атқарушы директоры таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана" футбол клубының атқарушы директоры тағайындалды

Давид Григорьевич қаланың футбол мектебінің түлегі және Қазақстан құрамасының рекордсмендерінің бірі. Лория футбол мансабында "Жеңіс", "Есіл", "Шахтер", "Ертіс", "Қайрат", "Ордабасы" және "Локомотив" клубтарының намысын қорғап, 2009 жылы астаналық ұжым сапында командамен күміс медальды жеңіп алды. Ол сондай-ақ түріктің "Ризеспор", "Каршияка", швециялық "Халмстад" және ресейлік "Спартак Нальчик" клубтарының намысын қорғаған.

Экс-қақпашының еншісінде жалпы саны үш чемпиондық титул бар. Лория Қазақстан жастар құрамасы сапында Нигерияда өткен Әлем чемпионатына қатысып, ұлттық құрама сапында 45 ойын өткізді.

Давид 2019 жылы футболдағы мансабын аяқтаған соң, құрама командалардың бұрынғы ойыншылары үшін құрылған UEFA MIP футбол менеджменті бағдарламасы бойынша курстарға түсті.