Анар жемісінің "дашка бад", "кува" атты сорттарының 80 түп көшетін сатып алған жас бағбан бұл көшеттерді ауласындағы 10 соттық жерге отырғызған. Былтыр егілген көшеттерінен биыл алғашқы өнімін алды.
"Бұл жемістің көшеттерін Өзбекстан Республикасы Ферғана облысынан алып келдім. Бірінші жылы әрбір түбі 2-3 дана өнім берсе, биыл 5-6 келіден беруде. Бұл субтропикалық жемістің басқаларынан ерекшелігі құнсызданбайды және көктем мезгіліне дейін сапасын жоғалтпай сақтауға болады. 3-4 жылдан кейін жеміс ағаштарының әр түбі 50 келіге дейін өнім беретін болады", дейді кәсіпкер. Сондай-ақ, кәсіпкер ойдағы ісін жүзеге асыруға мемлекеттік бағдарламаның көмегі көп тигенін айтады.
Түркістан облысы