Қоғам • 09 Қазан, 2020

Нұр-Сұлтанда "Бүгінгінің ақыны" шығармашылық кеші өтті

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Парасат" оқырмандар клубында "Бүгінгінің ақыны" атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда "Бүгінгінің ақыны" шығармашылық кеші өтті

Кештің негізгі тақырыбы – әдебиет  саласындағы өзекті мәселелер және заманауи поэзияның жағдайын талқылау. Іс-шараны ұйымдастырушы - "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесі және ақын, этно-дизайнер Жанна Бектемісова.

"Мұндай кездесу "Рухани жаңғыру" аясында алғаш рет өткізіліп отыр. Бүгін жеті ақынмен кездесу өтті, біз өз шығармаларымыздан 2-3 өлең оқып, талқылаулар өткізіп, жоспарларымызбен бөлістік. Бұл кездесу - біз үшін визиткаболды. Біз өз шығармашылығымызды көрсеттік, болашақта бізге жас ақындар қосылады деп сенеміз, себебі олардың қарасы өсіп келе жатқан жастар арасында өте көп", дейді Жанна Бектемісова.

Кеш қатысушылары - ақын, жазушы, шығармашылық кеш ұйымдастырушысы, этно-дизайнер Жанна Бектемісова, “Әдебиет порталы”интернет жобасының редакторы, “Интеллектуальная беседа” бағдарламасының авторы Балнұр Қызырбекқызы, ақын, “Әдебиет порталы” интернет жобасының редакторы Арман Шеризат, ақын, заңгер Рахимов Нариман, ақын Гүлмира Шопанова, ақын Малика Мурсалимова, ақын, “Я временно”  таңдамалы өлеңдер жинағының авторы Әлімжан Ахметов.

Айта кетсек, шара барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті.

Естеріңізге сала кетейік, “Рухани жаңғыру”  бағдарламалық мақаласы аясында жобалық кеңсе  халық арасында рухани байлықты  арттыру, мәдени құндылықтарды  насихаттау мен кеңінен тарату жұмыстарын атқаруда. Аталған іс-шаралар аясында ақындық өнерді насихаттау жұмыстары  белсенді түрде жүргізіліп келе жатыр.

 

Ұқсас жаңалықтар