Абай • 09 Қазан, 2020

Ұлы Абайдың атындағы мектеп бар Көкшетауда

549 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай, Көкшетаудағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатқа данышпан ақын есімі беріліп, Абай аллеясы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлы Абайдың атындағы мектеп бар Көкшетауда

Облысымызда Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылды. Жыл басынан бері барлық білім беру ұйымдарында ақын мерейтойына арналған онкүндіктер өткізілуде. Облыстың 23 мектебінде "Абай еліне саяхат" клубтары ашылған. Ақын мұрасын зерттеу бойынша "Абай әлемі" әдеби жобасы жүзеге асырылуда. Ақжарылқап жиынға қатысушылар алдында облыс әкімі Ермек Маржықпаев құттықтау сөз сөйледі.

Л

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласында ұлы ақынның шығармалары бүгін де өзектілігін жоғалтпағанын, Абайдың ой-тұжырымдары баршамызға қашанда рухани азық бола алатынын, сондықтан, ұлтымызды жаңғырту ісінде оның еңбектерін басшылыққа алып, ұтымды пайдалануымыз керектігін атап өтті. Облысымыздың екі мектебіне Әл-Фараби мен Абай есімдері берілді", дей келе, облыс әкімі білім ошағының ұжымын мектепке Абай есімін беру оқиғасымен және Абайдың 175 жылдық мерейтойымен құттықтап, толайым табыс тіледі.

Д

Жиналған жұртшылық ақын аллеясына шырша көшеттерін отырғызды. Дәл ортада ұлы Абайдыңмәрмәр тастан сомдалған алып кітабы. Аллеяға келген жұрт ақын рухымен сырласып, мұрасынатәу етпек. Мектеп директоры Дана Ысқақова білім ошағының Абай есімін ұлықтайтындығын жеткізді. Ақын Қуаныш Оспанов арнау өлеңін оқып берді.

Ұлының ұлағаты ұрпағына өнеге болса, ғажап емес пе?!

 

Көкшетау қаласы