Аймақтар • 09 Қазан, 2020

Елордада карантин тәртібін қадағалау күшейтіледі

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әкімдікте қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен COVID-19 екінші толқынына дайындық және мобильді топтар жұмысы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада карантин тәртібін қадағалау күшейтіледі

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың COVID-19 екінші толқынына дайындық туралы тапсырмасы аясында елордада карантин шараларының сақталуына мониторинг және бақылау жөніндегі шараларды күшейту туралы бұйрық берілді. Ережелерді жиі бұзатын нысандар ойын-сауық мекемелері, қоғамдық тамақтану ұйымдары – кафелер, мейрамханалар, караоке, барлар, сауда орталықтары мен базарлар.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мобильді топтар жұмысын күшейтуді және кәсіпкерлік субъектілеріне күнделікті түнгі және күндізгі рейдтер жүргізуді, карантинді бұзушыларды жауапкершілікке тартуды тапсырды.

"Сонымен қатар, COVID-19 екінші толқыны болған жағдайда дәрі-дәрмек жетіспеушілігі мен дәріханаларда бағаның өсуіне жол бермеу қажет. Жауаптылар дәрі бағасын қатаң бақылауға алуы керек. Басқа елдерден келетіндер үшін міндетті ПТР тестілеу қажет", деді Б.Макен.

Маска тағу тәртібін сақтамаған азаматтарға да шара қолданылады. Жиналысты қорытындылай келе, жиналғандар COVID-19 таралуын болдырмауға және алдын алуға бағытталған шешімдерге қолдау білдірді.