Парламент • 09 Қазан, 2020

Сенаторлар ТМД ПАА комиссияларының отырыстарына қатысты

154 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенат депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед бейне конференция байланысы арқылы ТМД Парламентаралық Ассамблеясы жанындағы Қауіпсіздік саласындағы заңнаманы үйлестіру және жаңа қауіп-қатерге қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен комиссияның, сондай-ақ ТМД ПАА Қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырыстарына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент  Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенаторлар ТМД ПАА комиссияларының отырыстарына қатысты

Комиссия отырыстарына ТМД ПАА Қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері, ТМД салалық ынтымақтастық органдарының, Достастық мемлекеттерінің мемлекеттік билік органдарының, сондай-ақ білім беру және ғылыми мекемелердің, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында "Ұлттық қауіпсіздік туралы" үлгі заң жобасы, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қарулы Күштерінің, әскери кәсіптік білім беру жүйесінің және әскерлерді даярлаудың басшы құжаттарына халықаралық гуманитарлық құқық ережелерін кіріктіру бойынша ұсынымдар жобасы қаралды, сондай-ақ "Шұғыл жедел қызметтерді шақырудың бірыңғай жүйесі туралы" үлгі заң жобасымен жұмыс барысы туралы баяндама тыңдалды.

Сонымен қатар ТМД ПАА Саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болды, оған Сенат депутаты Нұржан Нұрсипатов қатысты.

Отырысқа қатысушылар қарулы қақтығыстар мен террористік әрекеттерге COVID-19 пандемиясының әсері туралы мәселені қарады. Сондай-ақ 2021 жылға жоспарланған Халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конференцияға дайындық барысы туралы баяндама тыңдалды.

Күн тәртібіне сәйкес егемен мемлекеттердің ішкі істеріне сырттан араласуға жол бермеу туралы, өткен БҰҰ Контртерроризмінің виртуалды аптасы (2020 жылғы 6-10 шілде) туралы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында сыртқы істер министрліктерінің көп деңгейлі кеңесулерінің 2021 жылға арналған жоспарын іске асыру туралы мәселелер қаралды.