Үздік идеялар мейкатонның 13-16 қараша аралығында өтетін екінші кезеңіне жолдама алады.
«Мейкатонға 14 команда қатысады. Олардың 10-ы ғана екінші кезеңге өте алады. Байқау комиссиясы таңдаған жобаларды қатысушылар бір ай ішінде онлайн режимде пысықтайды. Қараша айында олар әзірлемелерін құзыретті қазылар алқасына ұсынуы керек», – дейді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының жетекшісі Шыңғыс Тілеулин.
Сонымен бірге жас өнертапқыштарға прототиптері жасалатын мүмкіндігі шектеулі жандар кеңес береді. Хабарламада атап көрсетілгендей, іріктеуге «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» РҚБ қоғамдық бірлестігі қолдау көрсетті.
Сонымен қатар, топтарға оңалту, хирургия және IT саласындағы мамандардың кеңестері беріледі.
Айта кету керек, іс-шараның ұйымдастырушылары елордалық жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы, Назарбаев университетінің инновациялық кластерінің Fab Lab, Тель-Авив Университетінің достар қауымдастығы.