Желтоқсан айында Қазақстанда қатаң карантин шаралары енгізілетін болса, болжам бойынша, жұмыс істеп жүргендердің 28%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшеді.
Министрдің айтуынша, қазір 1 миллионға жуық адам жұмыссыз. Ал, коронавирус эпидемиясы өршіп, желтоқсан айында қатаң карантин енгізілетін болса, тағы 160 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін.
"Сәуір-мамыр айларындағыдай жағдай қайталанса, елімізде 4 млн адам жұмыс орындарын сақтап қалады. Олар: құрылыс, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау саласының мамандары. Жұмыс істеп жүрген адамдардың 28%-ы (2,5 млн адам) қашықтан жұмыс істеуге көшеді. Бұл жоғары квалификацияланған мамандарға қатысты. 2 млн қызметші үшін жұмыс уақыты қысқарады: ақылы, ақысыз еңбек демалысына кетеді. Бұл сауда, транспорт, тамақ саласындағы мамандарға қатысты. 160 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін", деді министр.
Еңбек министріне мұндай болжамды сәуір-мамыр айларында болған карантин жағдайын зерттеп, әрбір сала бойынша санақ жүргізген Еңбек ресурстарын дамыту орталығы берген.