Аймақтар • 12 Қазан, 2020

Оралда жас офицерлер кәсіби шеберлігін пысықтады

397 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оралда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасының базасында әскери жоғары оқу орнын 2019 жыл тәмәмдаған жас сардарлардың бес күндік оқу-әдістемелік жиыны өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда жас офицерлер кәсіби шеберлігін пысықтады

"Жиынның мақсаты жас офицерлердің қызметтік-жауынгерлік және әдістемелік-практикалық дағдыларын арттыру, сондай-ақ жас мамандардың жеке кәсіби қасиеттерін жетілдіру болды. Осы жиында жас сардарлар жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеудің бірыңғай әдістемесі мен жаңа нысандарын тағы да пысықтады", - дейді қолбасшылықтың баспасөз қызметі жетекшісі подполковник Ерболат Сұлтанов.

Лп

Оқу-әдістемелік жиында іс-сабақтарын "Батыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Павел Ситников басқарып жүргізген. Атырау, Ақтөбе, Ақтау және Орал гарнизондарынан келген 30-ға жуық жас лейтенант бес күн бойы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жарлықтарын, Қаулыларын, әскери-жауынгерлік қызметтің негізгі басымдықтарын, функционалдық міндеттері мен жалпы әскери жарғыларын айқындайтын басшылық құжаттар мен директиваларды білуі бойынша сынақтан өтті.

Алғашқы күні Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан "Батыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев жас лейтенанттармен ресми кездесіп, 2020 жылдың тоғыз айындағы жауынгерлік қызмет қорытындысы туралы айтып берді. Өңірлікқолбасшылықтыңтәжірибелі офицерлері мен басқарма бастықтары да жас командирлерге қоғамдық тәртіпті сақтау, сот процестері кезінде сотталушыларды күзету, сотталғандарды тасымалдау кезінде тәжірибесімен, сондай-ақ аса маңызды мемлекеттік нысандарды күзету кезіндегі ерекшеліктерімен ой бөлісті.

Жиынның үшінші күні "Сұңқар" оқу-дала орталығында атыс даярлығы бойынша сабақ өтіп, жас сардарлар АК-74 автоматы мен Макаров тапаншасынан оқ ату, белтемірге тартылу және 100 метрге жүгіру, автомашина жүргізу және жаппай қырып-жою қаруынан қорғау, тактикалық, инженерлік дайындық секілді сынақтардан сайысты.

"Біз жас офицерлердің әскери қызмет жағдайына бейімделуін үнемі қадағалап отырамыз. Өйткені олар кез-келген жағдайда әрекет етуге дайын болуы керек. Оқу-жаттығу жиындарының басты міндеті түлектердің оқу кезінде алған білімін жетілдіру және өздерінің функционалдық міндеттерін орындау үшін практикалық дағды беру", - дейді полковник Павел Ситников.

Оқу-әдістемелік жиынға қатысушылар сабақтардан тыс кезде мәдени-демалыс іс-шараларға қатысып, Орал қаласының көрікті жерлерін аралады. Ақ Жайық өңірінің тарихымен танысып, мұражайларын тамашалады.

 

Батыс Қазақстан облысы