Оқиға • 12 Қазан, 2020

Павлодарда сауда үйі отқа оранды

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар қаласындағы "Арай" сауда үйінде жалпы ауданы 1500 шаршы метр аумақта бутиктер, кеңселер және шатыр жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Павлодарда сауда үйі отқа оранды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12 қазанда сағат 01:00-де Исиналиев көшесі, 58 мекенжайындағы "Арай" сауда үйінің өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен. Өрт 1500 шаршы метрді шарпыған.

"Екі магистральды желі тартылды. Өрт 04:15-те ауыздықталып, 04:55-те сөндірілді. Өрттің алдын ала себебі – жарықтандыру қалқанындағы қысқа тұйықталу. Келген шығын көлемі анықталуда", деп түсіндірді ведомство.

Оқиға орнына жеке құрамның 77 адамы 16 көлікпен келген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.