2013 жылғы 26 тамыз, Астана, Үкімет Үйі
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының уәкілетті ұйыммен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпарат алмасуы қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 9-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының уәкілетті ұйыммен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпарат алмасуы қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы №839 қаулысымен бекітілген
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының уәкілетті ұйыммен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы
ақпарат алмасуы қағидалары
1. Осы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының уәкілетті ұйыммен (бұдан әрі – Орталық) салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпарат алмасуы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабы 9-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Орталыққа салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпарат ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Орталық арасында алмасуға жататын:
1) салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша ашылған жеке зейнетақы шоттары;
2) салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданысы тоқтатылған шарттар;
3) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жөніндегі мәліметтерді міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне енгізу немесе енгізбеу туралы ақпарат.
3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Орталыққа 1 қаңтардағы жағдай бойынша осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпаратты береді.
4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры күн сайын Орталыққа халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен осы Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген ақпаратты береді.
5. Орталық ұсынылған ақпарат негізінде:
1) инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен есепті жылдан кейінге жылдың 1 қаңтарына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма туралы деректерді, оның ішінде Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адамдар бойынша ақпаратты;
2) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) деректер базасын және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастырады.
6. Орталық күн сайын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына осы Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген ақпаратты береді.
7. Ақпарат алмасу ақпаратты жеткізудің автоматтандырылған қаржылық жүйесін пайдалана отырып, электронды тәсілмен жүзеге асырылады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Орталықпен салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпарат алмасуы қағидаларына қосымша
Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары туралы ақпарат
_____________________________________________________________
(зейнетақы жарналарының түрі көрсетіледі: міндетті зейнетақы жарналары/міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары)
Тегі Аты Әкесінің Туған ЖСН Жы- Ағымдағы Зейнет- Зейнет- Зейнет-
Жеке аты күні ны- жылдың ақы ақы ақы
зейнет- (бол сы- 1 қаңтары- жинақ- жинақта- жинақта-
ақы ған кезде) на тарын рын төлеу/ рын төлеу/
шоты- зейнетақы төлеу/ аудару аудару
ның жинақтары- аудару күні себебі *
нөмірі ның сомасы сомасы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
9-11-бағандар әрбір зейнетақы жинақтарын төлеу/аудару бойынша жеке толтырылады;
* - оның ішінде салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару.