Аймақтар • 12 Қазан, 2020

Түркістанда жаңа технологиямен күздік астық егу басталды

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының диқандары тікелей себу әдісімен 168 мың гектар алқапқа күздік астық егуді бастады. No-till технологиясы, яғни жаңа әдістің алғашқы сынағы өңірде осыдан 3 жыл бұрын басталған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда жаңа технологиямен күздік астық егу басталды

Бразилиядан алынған дән сепкіш құрылғының көмегімен, масақты дақылдардың түсімділігі 2 есе артқан.

Қазығұрт ауданы, "Шарбұлақ" ауылдық округінде өткен семинар-кеңесте жаңа технологиялардың пайдаланылуы жайында кеңінен айтылды. Ашық аспан астында өткен басқосуға облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, агробизнес өкілдері, аудан, қала әкімдері мен шаруалар қатысты. Сүр танапта қалдырмай тікелей себу әдістерін әлемнің дамыған елдері, атап айтқанда АҚШ, Канада, Бразилия, Аргентина елдерінің шаруалары кеңінен пайдаланады. Соңғы жылдары көп елдерде нөльдік технологияны пайдалану арқылы өсірілетін егістіктің көлемі артып келеді.

Айдалмаған жерге дақылдарды тікелей себудің тиімділігі еліміздің солтүстік аймақтарында да, әсіресе шөлейтті, су және жел эрозиясына ұшыраған жерлерде дәлелденген. Семинар-кеңесте облыс әкімі жаңа технологияларға міндетті түрде көшу қажеттігін атап өтті.

"Өйткені мына бәсекелестік заманда дәстүрлі технология алысқа апармайды бізді. Нөльдік технологияны өте белсенді қолға алып жатқан шаруа қожалықтары бар. Бұл жерде батылдық керек", деді Өмірзақ Естайұлы.

Лоа
Сондай-ақ жиында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов Қазақстандағы мақтаны сатып алу бағасының бекітілуін жариялады. Өңірдегі 18 мақта өңдейтін кәсіпорын шитті мақтаның тоннасын 130 мың теңгеден қабылдауды бастады. Іріленген агроқұрылымдар үшін шитті мақта бағасы әлі де өседі деп күтілуде.

 

Түркістан облысы