"Жаппай тәртіпсіздіктер нәтижесінде туындаған зорлық-зомбылықпен және адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірумен ұштасатын қалыптасқан жағдайға байланысты, сондай-ақ Қырғыз Республикасы Конституциясының 15-бабына, 64-бабы 9-бөлігінің 2-тармағына және "Төтенше жағдай туралы" Қырғыз Республикасы Конституциялық Заңының 3, 4, 7, 8-баптарына сәйкес азаматтардың өмірі мен денсаулығын, олардың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету мүддесінде, бұдан бөлек, Бішкек қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында:
Қырғыз Республикасы Бішкек қаласының аумағында 2020 жылғы 12 қазанда сағат 20.00-ден 2020 жылғы 19 қазанда сағат 07.00-ге дейін төтенше жағдай енгізіледі", делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 9 қазанда Сооронбай Жээнбеков Бішкекте төтенше жағдай режимін енгізді. Ол 21 қазанға дейін созылуы керек еді.