Спорт • 12 Қазан, 2020

Якоб Фульсанг тоғызыншы кезеңде тоғызыншы орын алды

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі "Джиро д’Италия" көпкүндігінің тоғызыншы кезеңі "EF Pro Cycling" клубы сапында өнер көрсететін Рубен Геррейрудың жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Якоб Фульсанг тоғызыншы кезеңде тоғызыншы орын алды

Апеннин түбегінде орналасқан Сан-Сальво мен Роккаразо қалалары аралығын жалғастырып жатқан 207 шақырымдық қашықтықты айтулы португалиялық велошабандоз 5 сағат 41 минут 20 секунд аралығында жүріп өтті.

Екінші және үшінші орынды испаниялық Джонатан Кастровьехо ("INEOS Grenadiers") мен даниялық Миккель Бьерг ("UAE-Team Emirates") еншіледі. Ал "Астана" клубы мүшелері арасынан ең үздік көрсеткішке Якоб Фульсанг қол жеткізді. Жеңімпаздан 1 минут 38 секунд қалып қойған ол мәре сызығын тоғызыншы болып қиып өтті.

Жалпы есепте Жоау Алмейда (Португалия, "Deceuninck-Quick Step") алдына жан салар емес. Оның уақыты – 35:35:50. Екінші және үшінші сатыларға Вилко Келдерман (Нидерланд, "Team Sunweb") мен Пельо Бильбао (Испания, "Bahrain-McLaren") жайғасты. Ал "Астананың" серкесі Якоб Фульсанг әзірге алтыншы орында иемденуде.