Қазақстан • 12 Қазан, 2020

БАҚ өкілдері үшін тегін онлайн-тренингтер өтеді

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен БАҚ өкілдеріне арналған оқыту курстары ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БАҚ өкілдері үшін тегін онлайн-тренингтер өтеді

"Almaty Nomad "Саяхатшылар клубы" ҚБ Арманжан Байтасовтың медиа мектебімен серіктестікте БАҚ өкілдеріне арналған біліктілікті арттыру курстарын және онлайн-тренингтер сериясын өткізіледі.

Жобаның тренерлері – отандық және шетелдік жетекші медиа сарапшылар: "Forbes Kazakhstan" баспагері Арманжан Байтасов, Forbes порталының бас редакторы Анастасия Новикова, "Кселл" АҚ атқарушы директоры Каспарс Кукелис, КИМЭП жанындағы Құқық мектебінің профессоры, заңгер Айдар Егеубаев, "Такие Дела" медиа жобасының бас редакторы Сергей Карпов (Ресей), Voice of America орыс жаңалықтар қызметінің редакторы Алексей Горбачев (АҚШ) және басқалары.