Оқиға • 13 Қазан, 2020

Саңлақтардың туған күні

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Раймон Копа, Хавьер Сото­майор, Пол Пирс және Яан Торп сын­ды саңлақтардың туған күні, олар­дың барлығы да әлемдік деңгейде мойындалған.

Саңлақтардың туған күні

Раймон Копа

Франция футболшысы Раймон Копа әр жылдары өз еліндегі «Анже» мен «Реймсте» және Испанияның «Реал Мадрид» клубтарында ойнады. 1958 жылы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып, қарт құрлықтың ең үздік ойыншысына тиесілі «Алтын допты» иеленді. Көзі тірі болғанда Раймон ақсақал бүгін 89 жасқа толар еді. Әйгілі шабуылшы осыдан үш жыл бұрын қайтыс болды. 2007 жылы «Анже» ойнайтын стадионға оның есімі берілді.

1

Хавьер Сотомайор

Ал қалған туған күн иелері дін аман. Куба­ның даңқты жеңіл атлеті Хавьер Сото­майор 53 жасқа толып отыр. Ол – Барселона Олим­пиадасының жеңімпазы, Сидней Олим­пиадасының күміс жүлдегері, әлем чем­пио­­натының екі дүркін жеңімпазы және екі дүркін күміс жүлдегері. Бойы 2 метрден асатын Пол Пирс 43 жасты еңсерді. Ке­зінде «Бостон Селтикс», «Бруклин Нетс», «Ва­шингтон Уизардс» және «Лос-Анджелес Клип­перс» сапында өнер көрсеткен ол 2008 жылы Ұлттық баскетбол қауымдастығының (ҰБҚ) чемпионы және финалдық ойынның ең құнды ойыншысы болды.

1

 Пол Пирс

 

1

Яан Торп