Экономика • 13 Қазан, 2020

Экспорттаушылардың шығындарын өтейді

218 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елдің шикізаттық емес экспортының үлесін кеңейту және ұлғайту мақсатында Сауда және интеграция министрлігі отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарын өтеу жөніндегі қолданыстағы қағидаларға бірқатар түзету енгізді.

Экспорттаушылардың шығындарын өтейді

Думан АНАШ,

«Egemen Qazaqstan»

 

Сауда министрлігінің бас­пасөз қызметі хабарлағандай, жыл бойы ережелер бизнес өкіл­дерімен бірге белсенді түрде тал­қы­ланып, пысықталды. Кәсіп­кер­лердің ұсыныстарын ескере отырып, қолдау көрсету тәртібі ай­тарлықтай жетілдірілді. Жаңа ере­желерде құжаттар пакеті оңтай­ландырылды, шығындардың жаңа түрлері енгізілді, өтеле­тін тауарлардың тізбесі өзектен­дірілді, тауарды қайта бөлу дең­гейіне байланысты өтеу лимит­терін градациялау, сондай-ақ шы­ғындар үшін өтем алу кезінде кәсіпорындардың қарсы міндет­темелері қарас­ты­рыл­ған. Мәсе­лен, жол парағын, түрлі анықта­ма­ларды, фотосу­рет­терді және бас­қа да құжаттарды ұсыну қажет­тілігі жойылды.

Енді трейдерлер мен дистрибьюторлар, сондай-ақ өңделген тауарларды экспорттайтын ауыл шаруашылығы өндірістік коо­перативтері шығындардың бір бө­лігін өтей алады. Сыртқы на­рықтардағы сауда сөрелерін жалға алу төлеміне жұмсалған шы­ғын­дар да өтеледі. Бұдан басқа, шетелдік форумдарға, конкурс­тарға және конгрестерге қа­тысуға жұмсалған шығындар­дың бір бөлігі және сертификаттау рәсімінен өту үшін өнімнің сына­малық үлгілерін жеткізуге, тауар­ларды өз автокөлігімен тасы­малдауға жұмсалған шығындар да өтелмек. Шетелде айрықша құқықтар объектілерін (франчайзинг) пайдалану бойынша рұқсат алу рәсімдерін жүргізуге, шетелдік сертификаттаудан, аккредиттеуден, инспекциядан өтуге байланысты шығындардың бір бөлігі өтелетін болады.

Шығындардың бір бөлігін өтеу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесінде отандық өндірушінің мәртебесін растайтын құжат көзделген. Бұл: индустриялық сертификат, сәйкестік туралы декларация, шығу тегі туралы сертификат, ветеринариялық сертификат және т.б. құжаттар. Стандарттау үшін тауарларды жеткізу кезінде шығындардың бір бөлігін өтеу лимиті ағымдағы қаржы жы­лына бөлінген қаражат көлемінің бұрын көрсе­тілген 1/50 орнына 75 мың АЕК-ке дейін өзгертілді. Осылайша, кепілдік берілген өтем сомасы бюджеттеуге байланысты болмайды.

Жаңа ережелерде кәсіп­орын­дардың қарсы міндеттемелері бойынша мәселелер де реттелген. Бұдан басқа, кәсіпорындардан өтінімдер енді тек электронды түрде қабылданатын болады, бұл уақытты үнемдеуге және өтініш берушілердің қосымша пошта шығындарын жоюға мүмкіндік береді.

«Құралдың негізгі міндеті – экспортқа бағдарланған өндіру­шілерді қолдау және ынталандыру. Бұл оларға экспорт көлемін, экспорттық қоржынның номенклатурасын ұлғайтуға, елдер географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді. ЕАЭО нарығына, үшінші елдердің нарығына шығуға, тауарлардың жаңа түрлерін шығаруды жолға қоюға жол ашады. Бүгінде біз бірнеше жүздеген экспорттаушымен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Алайда бұл бюджет қаражаты екенін және оларды тиімді пайдалану үшін мемлекет бизнеспен бірге жа­уапты екенін ұмытпаған жөн», деп атап өтті Сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

«Шығындарды өтеуге рұқсат алған компаниялар негізінен көрші елдерге: – Ресейге, Өзбекстанға, Қырғызстанға, Тәжік­станға, Қытайға экспорттайды. Сондай-ақ Швейцария, Бангладеш, Ирландия, Бахрейн елдеріне шығуда. Сонымен қатар шығындарды өтеу арқылы Африка, Таяу Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия, АҚШ және т.б. жаңа нарықтарға шығу оңайырақ болады. Осы мемлекеттік қолдау шараларының барлығы кәсіпорындарға саудада неғұрлым тиімді және бәсекеге қабілетті болуға, сон­дай-ақ ішкі өндіріс пен экспорттық түсім көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Осы­лайша, салық аударымдарын ұлғайта отырып, ұлттық экономиканың дамуы­на, қазақ­стандықтардың әл-ауқатының өсуіне, әлеумет­тік бағдарламалардың іске асырылуы­на оң серпін беру керек», деді «QazIndustry» қазақ­стандық индустрия және экспорт орта­лығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айдар Кәкімжанов.

Жаңа ережелер 2020 жылғы 3 қазаннан бастап күшіне енеді.

Өтінімдерді қабылдауды Сау­да және интеграция министр­лі­гінің операторы – «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ онлайн, www.export.gov.kz web-порталы арқылы жүзеге асырады.