Шешім компанияның ноу-хауы саналады және дүние жүзінде баламасы жоқ. AIR технологиясы (жоғары сапалы кескіндер алуға арналған эргономикалық және иілгіш РЖ шарғылардың бейімді технологиясы) иілгіш шарғылардың жаңа буыны мен жасанды интеллект технологияларының негізінде әзірленген бағдарламалық құралды біріктіреді.
Әлеуметтік сақтандыру қорының деректері бойынша 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында МРТ диагностикалық қызметтер ішіндегі ең өзектісіне айналған. Жарты жыл ішінде 101 мыңнан артық МРТ зерттеуі жүргізілген. COVID-19 пандемиясының өршіп тұрған кезеңінде жоғары сапалы МРТ зерттеуіне деген сұраныс әсіресе өзекті болып отыр.
Магнитті-резонанстық томография – медициналық диагностиканың ең кең таралған және ақпараттық, сондай-ақ сәулелену жүктемесінің болмауына байланысты пациенттердің кең ауқымы үшін ең қауіпсіз әдістердің бірі. Процедураны жүргізу жылдамдығы мен әрі қарайғы диагнозды дәл қоюдың маңызды шарты кей жағдайда стандартты қатты конструкциялы радиожиілікті шарғылары пайдаланылғанда қол жеткізуі қиын клиникалық кескіннің жоғары сапасын береді.
«GE Healthcare көптеген жылдар бойы Қазақстанға медициналық диагностиканың жоғары технологиялық әдістерін енгізуге көмектесу мүмкіндігі барын мақтан тұтады. Шығыс Қазақстан облыстық көп салалы Онкология және хирургия орталығы базасында МРТ-ға арналған иілгіш шарғылар индустриясында алғашқы және әзірше жалғыз AIR технологиясы сәтті қолданылып жатқанына қуаныштымыз. GE Healthcare бір ғасырдан астам уақыт дүние жүзі бойынша дәрігерлер мен пациенттер игілігіне инновациялық шешімдерді қалыптастыруда. Республиканың мамандары да, пациенттері де жаңа технологияның әзірлену сапасы мен пайдалану жеңілдігіне лайықты дәрежеде баға береді деп сенемін», деді Ресей мен Орталық Азиядағы GE Healthcare компаниясының «Магниттік-резонанстық томография» бағытының басшысы Екатерина Соболева.
AIR технологиясы бар шарғылар пациент денесіне оның пішінін дәл қайталай отырып тығыз жанасады, соның нәтижесінде оның әртүрлі дене бөлігін сканерлеудегі пайдалану әмбебаптылығын қамтамасыз етеді, келетін сигнал сапасын арттырады, электр шуы мен артефактілерді азайтады – жалпы алғанда анағұрлым анық және дәл диагностикалық кескіндерді алуға көмектеседі.
Конструкцияның революциялық элементі – AIR технологиясы бар шарғының 60%-ға жеңілдеуіне әкелген шағын электронды компоненттер болды. Сыртынан қарағанда шарғылар денеге жағымды сезілетін жұқа (қалыңдығы 2 см шамасынан аспайтын) көрпе тәрізді, сол себепті бұл пациенттерде жағымды әсер қалыптастырып, қобалжуды азайтады және процедурадан жайлы өтуді қамтамасыз етеді. Эргономикалық дизайны арқылы жаңа GE Healthcare шарғыларын пациенттердің бойына, салмағына және басқа да физикалық параметрлеріне қарамастан кез келген дене бітіміне қолдануға болады.
Сондай-ақ AIR технологиялық платформасының бір бөлігі болып табылатын интеллектуалдық қолданбалар процедураға дайындық пен оны өткізуді тінтуір түймесін бір рет түртуге дейін қысқартып, зерттеу процесін оңтайландыруға және клиникалық кескіндерді өңдеу сапасын жақсартуға көмектесетін алгоритмдер жиынтығын қамтиды.
AIR Touch қолданбасы (біртектілікті, сигнал/шу қатынасын, артефактілерді және параллельді визуализацияны оңтайландыруға арналған шарғылар мен элементтерді автоматты таңдау технологиясы) зерттеу міндеттеріне сәйкес ең жақсы нәтижелер алу үшін ең дұрыс шарғы мен сканерлеу элементтерін автоматты түрде таңдайды, сол арқылы процедураға жұмсалатын уақыттың 10 минутына дейін үнемдеп, МРТ кабинеттеріне келетін пациенттер санын арттырады.
Жасанды интеллект технологиясы бар AIR қолданбасы (сканерлеу анықтығы мен дәлдігін жақсартуға арналған кесінділерді автоматты орналастыру технологиясы) пациентті динамикалық бақылау және жүргізіліп жатқан емнің тиімділігін бағалау кезінде әсіресе маңызды болатын, бірдей орнатылған параметрлерде зерттеулер қатарын жоғары дәлдікпен жүргізуге көмектеседі. Сонымен қатар AIR Recon деректерді қайта құрудың жаңа жүйесі артефактілердің көпшілігін жою есебінен кескіндердің ақпараттылығы мен ұсақ-түйегіне дейін көрінуін айтарлықтай арттырып, қайта сканерлеу қажеттілігін жояды.
2019 жылы беделді халықаралық медициналық AuntMinnie.com порталының сараптау алқасы жаңа GE Healthcare шарғысына жылдың үздік өнертабысы атауын беріп, AIR технологиясын радиология саласындағы ең маңызды инновациялардың бірі ретінде мойындады.
Қазақстанда AIR технологиялы иілгіш шарғылар әдеттегі зерттеулерге арналған аппараттардан бастап сараптамалық шешімдерге дейінгі барлық санаттағы алдыңғы қатарлы GE МР жүйелері үшін қолжетімді. Атап айтқанда, оларды SIGNA Pioneer 3,0Т, SIGNA Voyager 3,0Т, SIGNA Architect 3,0Т құрылғыларына қолдануға болады.