Әлем • 13 Қазан, 2020

Оңтүстік Кореяда міндетті маска режимі енгізілді

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Корея республикасының билігі сейсенбіден бастап қоғамдық көліктерде және бүкіл ел аумағында адамдар көп жиналатын жерлерде коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін міндетті маска режимін енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяда міндетті маска режимі енгізілді

Ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі ұлттық басқарманың хабарлауынша, әлеуметтік алыстау деңгейіне қарамастан медициналық және мектепке дейінгі мекемелерде маска кию міндеттелді.

13 қазаннан бастап тәртіп бұзушыларға 100 мың вонға дейін айыппұл салынады. Міндетті маска режимі бар нысандарға жауапты адамдарға оның сақталуын қамтамасыз ете алмағаны үшін 3 миллион вон айыппұл салынуы мүмкін.

14 жасқа дейінгі балалар мен медициналық себептер бойынша маска кие алмайтын адамдар үшін жағдай қарастырылған. Олар маска кимесе болады. Сондай-ақ қорғаныс маскаларын медициналық процедуралар, тамақтану және бассейнде жүзу кезінде алып тастауға рұқсат етіледі. Мұндай жағдайларда адамдарға айыппұл салынбайды.

Өз кезегінде Оңтүстік Кореяның денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі елде тұмауға қарсы тегін вакцинация бағдарламасы қайта басталғанын хабарлады. Оңтүстік Кореяда биыл пандемия кезінде медициналық мекемелерге жүктемені азайту үшін халықты маусымдық тұмауға қарсы жаппай тегін вакцинациялау басталды.

Оңтүстік кореялық дәрігерлер өткен тәулікте 102 адамның коронавирус жұқтырғанын анықтады, пандемия басталғалы бері республикада коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 24 805-ке жетті.