Спорт • 13 Қазан, 2020

Темірлан Ерланов үздіктер қатарында

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Ұлттар лигасының топтық турнирінің үшінші турынан кейін айтулы жарыстың шартты құрамасы жарияланып, үздіктер тізіміне Қазақстан құрамасының ойыншысы Темірлан Ерланов та енді, деп хабарлайды Egemen.kz

Темірлан Ерланов үздіктер қатарында

Ол 1993 жылы Өскеменде туып-өсті. Әу баста бірқатар командалардың жастар құрамында шеберлігін шындаған Темірлан кейіннен "Восток" пен "Ордабасыда" өнер көрсетті. Биылғы маусымда Қостанайдың "Тобылының" жейдесін киді. Былтырғы жылдың ақпан айында қандасымыз Қазақстан құрамасының сапына қабылданды. Амплуасы – қорғаушы. Дәп осы ойыншы Албанияға қарсы кездесудің 60 минутында біздің қақпамызға кіріп бара жатқан допты кері қайтарды. Және де Ерланов осы матчта өзін жақсы қырынан көрсетті. Сарапшылар тарапынан осы жайттың барлығы ескеріліп, ол 8.1 деген бағаға ие болды.

Ал Ұлттар лигасының топтық турнирінің үшінші турының шартты құрамасы мынадай: Серхио Рамос (Испания), Одмар Фере (Фарер аралдары), Кайл Голдуин (Гибралтар), Мартин Эдегор, Эрлинг Холланд, Александер Серлот, Биргер Мелинг (Норвегия), Анастасиос Бакасетас (Грекия), Рауно Саппинен (Эстония) және Венсан Тилль (Люксембург).