Әлем • 13 Қазан, 2020

Мәскеуде бір тәулікте коронавирустан 58 адам көз жұмды

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей астанасында коронавирус инфекциясынан бір тәулік ішінде 58 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz

Мәскеуде бір тәулікте коронавирустан 58 адам көз жұмды

Тек ел астанасының өзінде қатерлі вирустан көз жұмғандардың саны 5 жарым мыңнан асып отыр.

Еске сала кетейік, соңғы уақытта көршілес Ресей елінде вирус жұқтыру деректерінің рекордтық көрсеткіші тіркеліп келеді. Басым бөлігі Мәскеуде анықталып жатқан көрінеді. Нақтырақ айтсақ, қазан айынан бері қалада күн сайын 4 мыңнан астам адам вирусқа шалдығады екен. Осыған байланысты жергілікті ауруханалардың жүктемесі 15 пайызға артқан.