Медицина • 13 Қазан, 2020

Дәрігерлерге материалдық қолдау көрсету үшін бюджет шығысы артты

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәрігерлерге материалдық қолдау көрсету үшін бюджет шығысы артты. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Әлихан Смайылов айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Дәрігерлерге материалдық қолдау көрсету үшін бюджет шығысы артты

"2020 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің нақтылануы – елдегі қазіргі жағдайды және әлемдік коньюктураны ескере отырып, қалыптастырылды. Болжам өзгерістері нақты сектор өсімінің сақталуын және қызметтер саласының біртіндіп қалпына келуін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес нақтылаудың негізгі міндеті – дәрігерлерге материалдық қолдау көрсету және пандемияның таралуының ықтимал екінші толқыны бойынша алдын алу шараларын қабылдау болды. Осы міндеттерді шешу үшін бюджет шығыстары ұлғайтылды", дейді Әлихан Смайылов.

Үкіметтен бөлінген 236 млрд теңгенің жартысынан көбі игерілмегені белгілі болды. Осыған орай Әлихан Смайылов мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың басшыларына бюджет қаражатын тез арада игеру керек екенін ескертті.

Үкімет басшысының орынбасары: "Қаржы жылының аяқталуына 55 жұмыс күні қалды. Нақтылауды ескере отырып, осы жылдың соңына дейін 4,2 млрд теңгені игеру қажет. Кейбір шығыстар бойынша әлі күнге дейін конкурстық рәсімдер аяқталмағанын көріп отырмыз. Жоспарланған бюджеттік бағдарламалардан басқа шұғыл мақсаттарға Үкімет резервінен қосымша 236 млрд теңге бөлінген. Қазіргі таңда бар болғаны оның 111 млрд теңгесі немесе 47 пайызы ғана игерілді", деп атап өтті.