Аймақтар • 13 Қазан, 2020

Маңғыстау облысында 567 мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетіледі

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облыстық коммуникация орталығында өткен брифингке "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" АҚ КЕ Маңғыстау облысы бойынша филиал директорының орынбасары Айбек Мұзбаев қатысты. Ол пандемияға байланысты ХҚКО қызмет алушы мен мамандардың денсаулығы үшін жағдай жасалғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облыстық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында 567 мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетіледі

Мәселен, қызметкер мен келушінің арасына арнайы терезе орнатылды. Сондай-ақ қазіргі таңда кез-келген азамат өзіне қажетті қызметке 1414 call-орталығы арқылы онлайн бронь жасай алады. Бұл да ұялы телефонмен немесе мобильді қосымшалармен әлі де пайдалана алмайтын адамдарға жасалған мүмкіндік.

"Облыс бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуді 11 фронт-офис, 1 сектор, 1 өкілдік және 3 мобильдік халыққа қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметтер реестріндегі 694 қызметтің 608-і мемлекеттік корпорация арқылы, оның 567 электронды түрде көрсетіледі. Бүгінгі күнге 59 қызмет ЕGov мобильді қосымшасы арқылы және электронды үкімет порталында 52 кызмет бір реттік пароль арқылы колжетімді. Сонымен қатар Telegram мобильді қосымшасы арқылы 26, VK, Facebook арқылы 24 қызмет қолжетімді. Электронды қызметтерге деген сұраныстың күрт өсуі COVID-19 пандемиясы мен төтенше жағдай кезінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының жабылуына байланысты болды", - деді А. Мұзбаев.