Қатарына екі мың жасты біріктірген Ақтөбе өңіріндегі волонтерлік топтар пандемия кезінде, тазалық акциясын өткізуде, қиын балалармен жұмыс істеуде және ата-анасы жоқ балаларға қамқорлық танытуда ерекше көзге түсті. Сондай-ақ жоғалған адамдарды іздестіріп табуда полиция қызметкерлеріне көмегін тигізді. Аз уақыт ішінде біраз тәжірибе жинақтаған белсенді жастар жұмыс мұнымен тоқтап қалмайды деп отыр.

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «EQ»
Жыл басында ерікті жастар тобы ең әуелі өңірдегі кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындарында, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде құрылды. Жыл басында 1000 ерікті жас құрған 35 топтың саны қазір 90-ға артты. Аудан-ауылдарда да жастар белсенділігі артып келеді. Соның ішінде қыздардың белсенділігі күшті. Қазір өңіріміздегі екі мың волонтердің ең ересегі 41 жаста болса, ең кішісі – 14 жаста. Волонтерлердің 62%-ы –қыздар. Топтардың құрамы мынадай: жұмысшы жастар – 45,8%, ЖОО студенттері – 16,5%, кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындарының студенттері – 12,7%, мектеп оқушылары – 20,5%, жұмыссыз жастар және кәсіпкерлер – 4,5%.
Жыл басында Ақтөбе облысында қозғалыстың «Birgemiz» тұжырымдамасы негізінде 43 тармақтан тұратын жұмыс жоспары бекітілді.
«Қоғамдық мәселеге араласу арқылы көпшілік жастардың өмірлік ұстанымдары қалыптасты. Олар қоғаммен қарым-қатынас жолдарын үйренді, ең бастысы – тәжірибе жинақтады. Мен де көп нәрсені үйрендім», дейді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Сәбит Мұқанов.
Төтенше жағдай кезінде облыстық волонтерлік штаб құрылып, «AntiCovid19» тобының жастары Ақтөбедегі провизорлық ауруханалар мен жедел жәрдем бекеттерінің қызметкерлеріне ыстық тамақ жеткізіп тұрды. Сонымен қатар волонтерлер науқастар үшін 13 оттегі концентратор аппаратын, 67 оттегі баллондарын, 146 оттегі жастықтарын жеткізіп берді.
Еріктілер тобы жаз бойы қиын жағдайда қалған балалармен жұмыс істегенін де айта кету керек. Жетімдер үйінен шыққан кәмелет жасына жеткен балалар тұратын «Аяла» орталығында, «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу үйінде және «Жайна» мүгедек балаларды оңалту орталығында жұмыс істеп, көптеген түйткілді сұрақтардың басын ашты. Жастың тілін жас түсінеді демекші, өмірде қиын жағдайда қалған балалар ішкі сырларын тек құрдастарына ғана ақтара алады. Бұл жұмысқа волонтерлер арнайы тренингтер мен семинарларда оқығаннан кейін ғана жіберілді.
«Umit» жобасы бойынша 30 волонтер «Зелло іздеу» командасы тобымен және жергілікті полиция бөлімімен бірлесе жоғалған адамдарды іздестірумен айналысқанын айта кету керек. «Taza alem» жобасы негізінде 3249 белсенді тазалық акциясын өткізіп, табиғат аясында демалушыларға жадынамалар таратты, қоқыс жинады.
«Birgemiz: тaza alem» бағыты бойынша шағын грант байқауынан Ақтөбе облысынан 7 жоба ұсынылып, оның 4 жобасы мақұлданды. Соның арқасында жастар әрбір жобаға 300 мың теңгеден грант алды. Осы шараның арқасында, қазірде қалада, аудан орталықтары мен елді мекендерде тазалық акциялары жиі-жиі ұйымдастырылып, оған қатысушы еріктілер саны да өсіп келеді. Мәселен, халықаралық Жастар күні қарсаңында өткізілген «Таза жағалау» акциясына 400-ден астам жас қатысып, олар 40 тонна қоқыс шығарды.
Аз мерзім ішінде жасақталған топтардың еріктілері осындай қоғамдық маңызы зор істердің ұйымдастырушылары да бола білді. Ең бастысы –жастарымыз қоғамдағы қордаланған мәселелерді көріп қана қоймай, оларды шешуге шын жанашырлықпен кірісіп жүргені қуантады.
Жібек Құламбаева Сербияда өткен теннис жарысының жеңімпазы атанды
Теннис • Бүгін, 18:31
Алтын-Емел табиғи паркінде жабайы қабандар фототұзаққа түсіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 17:35
Қазақстан мен Қытай арадағы әуе қатынасты қайта жандандырады
Қазақстан • Бүгін, 16:37
Ақмола облысында суға батып бара жатқан үш жасөспірім құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Таэквондодан Азия біріншілігінде Қазақстан қос медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:28
АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония Ресейден алтын сатып алуға шектеу енгізбек
Әлем • Бүгін, 14:38
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Спорт • Бүгін, 13:49
Ақмола облысында қатты жел мектеп пен тұрғын үйлердің шатырын ұшырды
Аймақтар • Бүгін, 13:37
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 12:48
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 11:40
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар