Экономика • 14 Қазан, 2020

Тарифтердің күрт көтерілуіне жол берілмейді

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда бірқатар ақпарат құралдарында сумен жабдықтау тарифтері 300%-ға өсетіні туралы ақпарат жарияланған болатын.

Тарифтердің күрт көтерілуіне жол берілмейді

Осы орайда Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті 2020 жылғы 25 маусымда «Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК 2021-2025 жылдарға арналған сумен жабдықтау және су бұру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер мен тарифтік сметаның шекті деңгейлерін бекітуге өтінім бергенін хабарлайды.

Биыл 6 қазанда департамент тарифтерді қалыптастыру рәсі­мінің жариялылығы, ашық­ты­ғы мақсатында мәслихат депу­таттарының, қоғам­дық бірлес­тік­тер­дің, тәуелсіз сарап­шы­лардың, бұ­қаралық ақпарат құрал­дарының және өзге де мүдделі тұлға­л­­ар­дың қатысуымен «Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК өтінімі бойынша ашық жиналыс нысанындағы тариф жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өткізді. Жария тыңдаулар өткізу барысында «Астана Су Арна­сы» ШЖҚ МКК-ның өкілдерімен сумен жабдықтау бойынша 44%-ға, су бұру бойынша 137%-ға жос­пар­лан­ған өсіммен кәсіпорын тарифінің жобасы таныстырылды. Бұл ретте ұсынылған өтінім тариф жобасы болып табылатынын атап өту қажет.

Депар­тамент кәсіпорын мәлім­де­ген шығындарының барлық бап­та­рының негізділігіне және табиғи монополиялар туралы заңнама талаптарына сәйкестігіне егжей-тегжейлі талдау жүргізеді. Осыған байланыс­ты, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы тариф деңгейінің алдағы уақытта көтерілетіні туралы нақты мәлімдеу сенімді ақпаратқа жанаспайды, деп мәлімдеді Табиғи монополия­ларды реттеу комитетінің баспасөз қыз­меті.