Оқиға • 14 Қазан, 2020

Антропогендік факторлардың әсері тыйылмай тұр

35358 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Антропогендік факторлар, бұл – адамның іс-әрекеті және тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болып, қоршаған ортаға және осы ортадағы ағзаларға әсер ететін факторлар. Табиғи факторлармен салыстырғанда антропогендік факторлар биосфераның жағдайын аз уакыттың ішінде өзгерте алады. Осы процестердің өзгеруін бақылауды дүние жүзіндегі барлық экологиялық тұрғыдан қызмет атқа­ратын (гидрометеорологиялық, сейсмикалык, ионосфералық және басқа) жүйелер жүргізеді.

Антропогендік факторлардың әсері тыйылмай тұр

Антропогендік фактор – бұл басқа түрлердің тірші­лік ету ортасы ретіндегі таби­ғат­­­тың өзгеруіне әкелетін не­­месе олардың тіршілігінен тіке­­­лей көрінетін адамзат қо­­ға­­­мы­­ның әрекеттілігінің түр­­­лері. Адамзат тарихы ба­­ры­­­­сында алдымен аң аулау­­­дың, содан кейін ауыл ша­руа­­­­шылығының, өндіріс­тің, кө­ліктің дамуы ға­лам­ша­­ры­­­мыз­дың табиғатына үл­­кен өз­герістер әкеліп, бү­гін­­де бүкіл тіршілік әле­­міне антропогендік әсер ету ық­палының күрт өсуі­не се­­беп болды. Адам әреке­ті­нен шығып жатқан таби­ғи орта­ны сарқу, ластау және бүл­ді­рудің себептерін объек­­тивті және субъективті се­беп­­­терге бөлеміз. Адамның шаруа­­­шылық іс-әрекеті сал­дары­­нан қоршаған орта­ның кей­бір жерлерінің өзгер­гені сон­ша­лық, табиғи құрауыш­тары­ның байланысы басқа болып, бұрынғы кешендермен салыстырғанда жаңа кешендер түрлері қалып­тас­ты. Антропогендік фак­тор­лар­ға өнеркәсіп индус­трия­сы­ның барлық саласы, көлік, ауыл, орман шаруашылығы, энер­ге­тика, атом қаруын сынау, мұ­най, газ және тау кен өн­ді­рісі салалары. т.б. жатады.

Тек өндірістік кәсіпорын­дардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластануының негіз­гі түрлеріне шикізат ма­те­риал­дары, құрал-жаб­дық­­тар, отын, электр энер­гия­сы, су, қалдықтар, өнімдер, атмо­сфераға таралатын (газ, бу, ауа тозаңы) энергет­ика­лық шы­­ға­рындылар, шу, инф­ра­ды­быс, ультрадыбыс, жарық, элек­тро­магниттік өріс, лазер­лі сәулелер, иондағыш шы­ға­­рын­­дылар және тағы басқа­ларды жатқызуға болады.

Биосфераны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ре­сурстарының түріне, өнді­рісте қолданылатын шикі­затқа, оны өңдейтін техно­логияға байланысты. Антропогендік фактор­лар әсерінің артуынан күрделі экологиялық проблемалар; парник эффектісі, қыш­қыл жаңбыр түсімі, алқап­тардың ормансыздандырылуы, ядролық қыс, озон қаба­тының жұқаруы мен тесі­луі, шөлейттенуге айналу құбы­лыс­тары орын алды.

Жаңаша әсерге биосфе­ра­ның басқа компонент­терін­де экологиялық тепе-тең­дік­тің бұзылуы салдарынан атмос­фераның жағдайына ойқаптар, жыртылған егістік жерлер, ұйымдастырылған үлкен су қоймалары, өзгер­тілген өзен ағыстары, ме­лио­­ра­тивтік жұ­мыс­тар қата­ры, пайдалы кен қазба­лары­ның ашық әдіс­­пен жаппай, үнемі алынуы жатады. Жер бетінің қа­сие­ті мен си­пат­тамасының өзге­руі атмо­с­фера энергия­лық жү­йесін­дегі алмасу про­цес­теріне, атмосфераға өтетін шы­ғын­дыққа әсерін тигізеді. Ал тікелей әсерге мысал ре­тін­де өндірістен шығатын тас­­танды заттектерді, күл­ді, металл оксидтері мен тұз­дарын, күкірттің газ­ды қо­сылыс­тары, аммиак­ты, кө­мір су­тектерін, радио­актив­ті газ­дар­ды, шаңдарды, озонды сутек­ті қосылыстар және тозаңдар жатады.

Бүгінде еліміздегі Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий алқабының экологиялық апатты аймақтарға айналуына антропогендік факторлар негіз болып отырғаны бәрімізге мәлім. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі Жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Бүгінгі заман талабына сай ашылып жатқан өндіріс орындары қоршаған ортаға тигізер залалын алдын ала ескеріп, мән беріп, әкелер пайдасы мен тигізер зиянын ескергенде, табиғат бай­лы­ғын тиімді пайдалану, қор­шаған орта, жер, су таза­лы­ғын сақтау, олардың зиянды заттармен ластануына жол бер­меу көкірегі ашық, көңілі ояу әрбір азаматтың па­рызы екенін түсінгенде, қор­шаған ортаға әсер етер антро­по­ген­дік фактор ықпалы аза­йып, табиғатымыз бәз қал­пында қалар еді. Лайым сол экологиялық сана салтанат құрар күнге жетелік.

 

Жаңылқан ӘЛЕМСЕЙТОВА,

«Тарбағатай» МҰТП Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің басшысы

 

Шығыс Қазақстан облысы