Экономика • 14 Қазан, 2020

Мақтааралда өнеркәсіп өнімі өсіп келеді

287 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мақтаарал ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылы 3,2 млрд тең­гені құраса, биыл 12,5 млрд теңгеге жетті. Осылайша 8 ай­дың қо­ры­тындысымен өнім көлемі 4 есе артып отыр. Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 2019 жылы 2,2 млрд теңгені құраса, 2020 жылы 10,8 млрд теңгеге жетті.

Мақтааралда өнеркәсіп өнімі өсіп келеді

Ауданда 10 536 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Осы орайда, 9 айда аудан кәсіпкерлері жеңілдетілген пайызбен «Ырыс» шағын несие ұйымынан 297,4 млн теңге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ тарапынан 64,1 млн теңге, «Жетісай несие» ұйымынан 175,05 млн теңге, «Агро несие корпорациясы» АҚ тарапынан 19,8 млн теңге несие алып, кәсіптерін дөңгелетіп отыр.

Кәсіпкерлік саласын қолдау мақсатында 3 330 азаматқа кеңес беріліп, 140-тан аса сервистік қызмет көрсетілген. Сондай-ақ 133 кәсіпкерге заңгерлік қолдау жасалды. Одан бөлек, «Бастау бизнес» бағдарламасы аясында 299 азамат, «Бизнес кеңесші» бағдарламасы аясында 29 азамат білім алған.

Шетелден тікелей инвестиция тарту бағытында 2020 жылы Мақтаарал ауданында жалпы инвестиция көлемі 6,784 млрд теңгені құрайтын 2 жоба іске асырылуда. Осы арқылы 191 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамту көзделуде.

Қазақстан және Түркия елдері бірлесіп Мақтаарал ауданынан жалпы құны 4,764 млрд теңгені құрайтын жіп шығаратын фабриканы іске қоспақшы. «Тulpar Texstill» ЖШС-іне қарайтын өндіріс орны 2020-2021 жылдары іске асады. Жоба жылына 6 600 тонна жіп өң­діре алады және 143 адамды жұ­мыс­пен қамтиды.

Жалпы құны 2,02 млрд теңгені құрайтын мақта майын шығаратын «Tulpar May» ЖШС де 2020-2021 жылы жүзеге аспақ. Қазақстан мен Ресей елдерінің бірлескен жобасы жылына 2,9 мың тонна май шығара алады және 48 адамды жұмыспен қамтитын болады. 

Сонымен қатар Мақтаарал ауданында құны 2,1 млн еуроны құ­райтын JID&COM ЖШС жеміс-жидектерді және бақша да­қыл­­дарын кептіру, жеміс-жидек мар­ме­ладтарын өндіру жобасын 2020-2021 жылдары Қазақстан мен Германия елдері бірлесіп іске қосатын болады.