Қоғам • 14 Қазан, 2020

"5-10-20" бағдарламасы бойынша 1500 адамның өтініші мақұлданды

411 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бағдарламаның бірінші кезеңінде 19 140 өтініш қабылданды, оның 6690 кезекке тұру датасына сай келді. Нәтижесінде жалпы көлемі 6 млрд астам теңгеге 470 несиелік өтініш мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz

"5-10-20" бағдарламасы бойынша 1500 адамның өтініші мақұлданды

Бағдарламаның екінші кезеңінде 18 770 өтініш қабылданды, оның 14 061 кезекке тұру датасына (2011-2015жж.) сай келді. Нәтижесінде жалпы көлемі 14 млрд астам теңгеге 1031 несиелік өтініш мақұлданды.     

Екі кезеңді қоса алғанда 37 910 өтініш қабылданып, оның 20 751 кезекке тұру датасына (1986-2015жж.) сай келді. Нәтижесінде жалпы көлемі 20 млрд 300 млн теңгеге жуық қаражатқа 1500 несиелік өтініш мақұлданды.     

«Шаңырақ» пилоттық жобасын жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық банкінің еншілес ұйымының қаражатынан 210 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланған. Оның 90 млрд теңге көлеміндегі алғашқы бөлігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне түсті. Осы бюджетке сәйкес, еліміздің шамамен 7-8 мыңдай отбасын баспанамен қамтамасыз етуді жоспарланып отыр. Жылдық мөлшерлемесі 5 пайызға тең (ЖТСМ 5,2%), жеңілдетілген заемды алу үшін, бағдарлама қатысушылары әкімдік кезегінде тұрулары қажет. Сондай-ақ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шоттарына займ мөлшерінің 10 пайызынан кем түспейтін соманы бастапқы жарна ретінде жинаулары қажет. Несиелендіру мерзімі 20 жылға дейін.

Аталған бағдарлама бойынша тұрғын үйді тек жаңа соғылған үйлерден ғана алуға болады. Бұл «5-10-20» бағдарламасы бойынша жергілікті әкімдіктер соғып жатқан несиелік тұрғын үйлер мен жеке құрылыс компаниялары соққан үйлер (сондай-ақ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ кепілдігі бар).

«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша пәтер алуға болатын құрылыс компанияларының тізімін www.hcsbk.kz сайтынан жүктеп алуға болады.

Әкімдіктер салған несиелік тұрғын үйлердің 1 шаршы метрі бойынша келесі баға мөлшерлері белгіленген: 240 мың теңгеге дейін – Алматы қаласында, 220 мың теңгеге дейін – Нұр-Сұлтан қаласында, 200 мың теңгеге дейін – Шымкент қаласы мен Алматы маңындағы аймақтарда, 180 мың теңгеге дейін – Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан, Қарағанды қалалары мен Қарағанды облысында, басқа өңірлерде – 160 мың теңгеге дейін.

Пәтерлер жеке құрылыс компаниялары соққан үйлерден сатып алынған жағдайда ең жоғары заем сомасы: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 18 млн теңге, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Қарағанды қалалары мен Қарағанды облысында 15 млн теңгеге дейін, ал қалған өңірлерде 12 млн теңгеге дейінгі баға ұсынылған.

Әкімдік кезегінде тұрған азаматтар бағдарламаға қатысу туралы және төлем қабілеттілігін бағалау жөніндегі өтініштерін тек www.hcsbk.kz сайты арқылы электронды түрде бере алады. Бұл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттеріне де, әзірше банктен салым ашып, клиенттер қатарына қосылып үлгермеген тұрғындарға да қатысты.