Кино • 15 Қазан, 2020

Кино мектебі ашылады

553 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Шәкен Айманов атын­дағы «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесіп, шығармашылық кино мектебін ашуды жоспарлап отыр. Ұйымдастырылған шығарма­шылық курстар актер, режиссер, оператор және драматург мамандарын даярламақ.

Кино мектебі ашылады

Қазіргі таңда отандық киноин­дустрияға арналған жаңа кадрлар ұстаханасының тұжырымдамасы, мақсаттары, міндеттері және оқу бағдарламасы әзір. Қатысушыларға «режиссура», «кино өнері», «кино драматургиясы», «монтаж», «опе­раторлық өнер» пәндері бойынша білім берілмек. Сондай-ақ «Кино жә­не кино туралы 24 сағат немесе кино өндірісінің негіздері» және «Музыкалық клип актері» атты қос ауқымды жоба аясында оқыту жос­парлануда.

«Кино мектебі – барлық өнер түрін қамтитын бірегей алаң. Жал­пыға ортақ жариялылық пен жаһан­дану дәуірінде смартфоны бар әр адам медиа тұлғаға айналуда. Медиа контентті құру процесі едәуір же­ңілдетілді, дегенмен он жыл бұрын оған кем дегенде бір ай уақыт кетсе, бү­гінде ең көп дегенде бір күніңді алады. Ин­тернет кеңістігі сапасы күн сайын төмендеп бара жатқан медиа контентке толы, ал оған деген сұраныс керісінше өсуде. Осыған байланысты, Кино мектебі білім бере отырып, өндірістік процестерді қамтамасыз етеді», дейді жобаны ұйымдастырушылар.

Кино мектебінде оқуға қызығу­шылық танытатындар үшін арнайы та­лаптар бекітілген. Тыңдау­шының жасы 16-дан кем болмауы керек. Бола­шақ кинематографист кәсіби құзы­реттілікке ие болу­ға және шы­­ғар­­машылық курстар­дан өтуге жауапкершілікпен қарау­ға дайын болуы тиіс. Ал курс оқытушы­ла­ры­на қатысты да нақты талаптар қойылған, қазір Ұлттық киноны қол­дау мемлекеттік орталығы мен Шәкен Айманов атындағы «Қазақ­фильм» киностудиясы іріктеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.