Оқиға • 15 Қазан, 2020

«Танымал әннің тарихы» кітабының тұсауы кесілді

467 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласында белгілі композитор, ғалым әрі журналист Бекжігіт Сердәлінің шығармашылық кеші өтті. «Өмірде де, өнерде де сан қырлы» атты шара сазгердің 60 жас мерейтойына арналды.

«Танымал әннің тарихы» кітабының тұсауы кесілді

Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, Түркістан облысы мә­дениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ проректоры Ка­мал­бек Беркінбаев, профессор, дін­танушы Досай Кенжетайұлы және БАҚ өкілдері қатысқан сал­танатты шара барысында ком­позитордың «Танымал әннің тарихы» кітабының тұсауы кесілді. Кітапта профессор, Мәдениет қайраткері, Жастар сыйлығы­ның лауреаты, композитор Бекжігіт Сердәлінің танымал әндердің авторларын тауып алып, ән тарихына қатысты өз ауыз­дары­нан, көз көрген замандастарының ес­теліктерінен жазып алған эсселері топтас­тырылған.

Шығармашылық кешке келген қонақтар арнайы құттықтау хаттарын тапсырып, сазгерге сый-сияпат көрсетті. Кеш соңында об­лыстық мәдениет басқармасына қарасты «Оңтүстік-фильм» меке­месі әзірлеген «Өмірде де, өнер­­де де сан қырлы» атты фильм көп­шілік наза­рына ұсынылды.

 

Түркістан облысы