14 Қараша, 2013

Мемлекеттік бағдарламалар сарапталды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ индустрияландыру бағдарламасының қаржыландыру жобасын жетілдіру» жөніндегі басқарушы комитеттің үшінші отырысын өткізді.

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ индустрияландыру бағдарламасының қаржыландыру жобасын жетілдіру» жөніндегі басқарушы комитеттің үшінші отырысын өткізді.

Отырысқа Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов, «Атамекен Одағы» ҚҰЭП Президиум төрағасы Тимур Құлыбаев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев, «Ракурс» экономикалық сараптама орталығының директоры Ораз Жандосов, бизнес-қауымдастығы мен екінші деңгейлі банктердің өкілдері қатысты.

Жиында Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық да­му бағдарламасының екінші кезеңін жүзеге асыру барысындағы экономиканың қажеттіліктеріне қатысты жан-жақты сараптамалық есеп талқыланды. Құжатта үш бағыт бойынша кластерлік жүйе ретінде дамыту көзделіп отырған экономика мен өндіріс салалары және олардың қаржылық мұқтаждығы айқындалған.

Кластерлік салалардың жұмыс тиімділігін арттыру үшін үйлестіру органын құру ұсынылып отыр. Аталмыш құрылым кластерлік кәсіпорындарды қаржыландыру барысында «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді, делінген «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметінің ақпаратында.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар