14 Қараша, 2013

Әкімшілік кедергілер азая түспек

400 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Елбасы талабына орай бүкіл еліміз бойынша сөзбұйдалықты, бюрократтықты, әкімшілік кедергілерді жою жолындағы қозғалыс өрістеп отыр. Мұның оңтүстік астанадағы әділет саласының қызметкерлеріне де тікелей қатысы бар. Келеңсіз сыбайластықтың кез келген көріністерін азайтуға шұғыл бетбұрыс жасалуда. Мұндағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында жеке адамдардың және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу іске асырылады.

Елбасы талабына орай бүкіл еліміз бойынша сөзбұйдалықты, бюрократтықты, әкімшілік кедергілерді жою жолындағы қозғалыс өрістеп отыр. Мұның оңтүстік астанадағы әділет саласының қызметкерлеріне де тікелей қатысы бар. Келеңсіз сыбайластықтың кез келген көріністерін азайтуға шұғыл бетбұрыс жасалуда. Мұндағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында жеке адамдардың және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу іске асырылады.Осы реттегі әкімшілік кедергілерді азайту, сыбайластық көріністерін болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамаларында, сонымен бірге тіркеуші органдарда аталмыш рәсімдемелердің жүзеге асырылуын оңайлатуға және жетілдіруге бағытталған бірқатар пәрменді шаралар қабылдануда. Айталық, баспаналық және баспаналық емес меншік нысандарын мемлекеттік тіркеу үшін алынатын салық көлемі бес еседен астам азайтылды. 2009 жылдың соңынан бастап азаматтар қажет болған жағдайда заңда көрсетілген мөлшердегі мемлекеттік алымды төлеп, жедел тіркеу қызметін еш кедергісіз пайдалана алады. Мұндағы мемлекеттік алым көлемі 2011 жылдан бері пәтерлерді рәсімдеу үшін – 28 айлық есептік көрсеткіштен бесеуге дейін, баспаналық емес орынжайлар үшін – 35-тен 25-ке дейін төмендетілді. Тіркеу мерзімдері 15-тен 5 күнге дейін қысқарды. Мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды жедел тіркеу қызметі тіркеуші органға өтініш түскеннен кейін келесі жұмыс күні ұсынылып, одан арғы жұмыс күні дайын құжаттар табыс етіледі.

2010 жылдың екінші жартысынан бастап жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы электронды анықтамаларды, сондай-ақ жылжымайтын мүліктің бар-жоқтығы туралы анықтамаларды тікелей халыққа қызмет көрсету орталықтарынан жарты сағатта алу мүмкін етілді. Бұл қызмет бұрын үш жұмыс күні ішінде атқарылушы еді.

Неке келісімі болған жағдайдағы құқықтарды тіркеу тәртібі белгіленді. Яғни, егер некелік келісімде ерлі-зайыптылардың жылжымайтын мүлкіне үлестік және дербес меншіктілік белгіленсе, онда тіркеуші орган неке келісімін екі дана етіп береді. Олардың біреуі түпнұсқа немесе нотариалдық түрде расталған көшірме болып табылады. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында енгізіліп жатқан жаңалықтар да баршылық. Соның негізгісі – электронды тіркеу тәртібі 2013 жылы іске қосылды.

Сыбайластық тұрғыдағы құқық бұзушылық­тарды болдырмау және азаматтарға белгілі бір қолайлылық туғызу мақсатында Алматы қаласы Әділет департаменті ғимаратының бірінші қабатында азаматтарды қабылдайтын арнайы бөлме жабдықталды. Қабылдауды жүргізетін мамандар азаматтарға түйткілді мәселелер бойынша кеңес береді, халыққа олардың өтініштерінің тоқтатылуының немесе орындалмай қалуының себептерін негіздеп түсіндіреді. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін бұл бөлмеде бейнебақылау орнатылған. Сондай-ақ, сенім телефоны қойылып, мұның өзі азаматтарға департамент жұмысы туралы өз пікірлерін білдіруге, қажет болған жағдайда тиісті қолұшын бермеген қызметкерлердің іс-әрекетіне шағым айтуға мүмкіндік берген.

Талей ГАЛАНДАРОВ,

Алматы қаласы Әділет департаменті жылжымайтын мүлік құқықтарын тіркеу бөлімінің жетекші маманы.

АЛМАТЫ.

Соңғы жаңалықтар