Қарағанды облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Saryarka онлайн-спартакиадасы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Онлайн-режімде өткен салтанатты ашылу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға айрықша көңіл бөлді. Сондықтан, біздің онлайн-спартакиада өңірдегі бұқаралық спортты дамытуға, саламатты өмір салтын насихаттауға игі ықпалын тигізеді деп үміттенеміз. Спартакиадаға қатысушыларға жасына қарай шектеулер қойылмайды. Жарысқа тілек білдіргендердің бәрі бақ сынай алады. Қатысушылардың барлығына сәттілік тілеймін, мықтылардың мерейі үстем болсын! – деді ол.
Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған бұл облыстық спартакиада 14-18 қазан аралығында спорттың тоғыз түрі бойынша өтеді.
Облыс спортының басшысы Темірхан Абылаев биылғы доданың өңірдің аудандары мен қалалары арасында өтетінін айтты.
– Әр аудан және қала жарысты өзінде өткізеді. Спартакиаданы өткізгеннен кейін ұйымдастырушылар барлық спорт түрлері бойынша бас төрешілерге толыққанды ақпарат береді. Соның қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Аудандар мен қалалардың командаларын марапаттау бөлек өткізіледі, – деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.
Спартакиада жарыстары шахмат, дойбы, бес асық, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика (жүгіру, орнынан секіру), күш гимнастикасы, пауэрлифтинг (жатып сығымдап көтеру), футбол (доппен жонглерлік ету) және кір тасын көтеру сияқты спорт түрлері бойынша өткізіліп, додада 2 мыңға жуық адам бақ сынамақшы.
Айта кететін бір жайт, шахмат пен дойбыдан өтетін жарыста қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды. Бес асық сынында облыс тұрғындары 14 жастан, тоғызқұмалақта 10 жастан бастап қатысу мүмкіндігіне ие. Жеңіл атлетика жарыстарында балалар мен ересектер жас мөлшерлеріне қарай қатысады. Күштік гимнастикада 12 жастан бастап зейнеткерлік жасындағыларға дейін күштерін сынай алады. Ал доппен жонглерлік ету додасына қатысушылар сегіз жастан бастап өнер көрсетеді.
Облыстық Saryarka онлайн-спартакиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы медальдармен, дипломдармен және кубоктармен марапатталады.
Балқаш маңында жаңа күн электр станциясы салынды
Қазақстан • Бүгін, 10:28
Қаржы • Бүгін, 10:17
Шымкентте мақта өңдейтін зауыттан өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Елімізде 9,5 млн адам екпе салдырды
Коронавирус • Бүгін, 09:49
Қазақстанның кей өңірлерінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Рыбакина АҚШ-та өткен турнирдің ширек финалына өтті
Теннис • Бүгін, 09:16
COVID-19: Елімізде 1338 адам емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Өткен тәулікте 951 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:03
Аймақтар • Бүгін, 08:58
Спорт • Бүгін, 08:55
Спорт • Бүгін, 08:54
Спорт • Бүгін, 08:53
Жетісу мектептері жаңа оқу жылына дайын
Білім • Бүгін, 08:52
Халықаралық олимпиадада олжа салды
Аймақтар • Бүгін, 08:50
Спорт • Бүгін, 08:48
Спорт • Бүгін, 08:46
Спорт • Бүгін, 08:45
Қарағайлы өлке – туризмнің інжу-маржаны
Туризм • Бүгін, 08:43
Ұлықұм етегінде ұйымдастырылған игі іс
Аймақтар • Бүгін, 08:42
Жастар спорты қолдауды қажет етеді
Спорт • Бүгін, 08:40
Руханият • Бүгін, 08:39
Аймақтар • Бүгін, 08:37
Білім • Бүгін, 08:35
Қоғам • Бүгін, 08:34
Көпбалалы отбасыларға – 198,7 млрд теңге
Қоғам • Бүгін, 08:33
Шаруаның шағымы: Халықпен кездесулерде мыңнан астам мәселе көтерілген
Аймақтар • Бүгін, 08:32
Аймақтар • Бүгін, 08:30
Шағын шаруа қожалықтарының қолы ұзарды
Аймақтар • Бүгін, 08:28
Тұңғыш түсіндірме кітап жарық көрді
Қазақстан • Бүгін, 08:27
60 мың гектар жайылым мемлекетке қайтарылды
Қазақстан • Бүгін, 08:25
Әлем • Бүгін, 08:23
Ашық аспан астындағы музей ашылады
Аймақтар • Бүгін, 08:22
Жол картасын жүзеге асыру маңызды
Саясат • Бүгін, 08:20
Дипломатия ардагерлері марапатталды
Қазақстан • Бүгін, 08:18
Саясат • Бүгін, 08:15
Аймақтар • Кеше
Тауар тасымалы: Табыстан гөрі тұрақтылық маңызды
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Түркия мен Израиль қарым-қатынасы қайта жанданды
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар