Аймақтар • 15 Қазан, 2020

Әбілқайыр Сқақов азаматтарды жеке қабылдады

171 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

"Nur Otan" партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы өңір тұрғындарымен бейнеконференция байланысы арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әбілқайыр Сқақов азаматтарды жеке қабылдады

Әбілқайыр Сқақовтың қабылдауына жазылғандардың арасында Александр Мякота да болды. Ол "ЦАРиК" орталығының базасында мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтуға көмектеседі. Абилитация, оңалту және түзету орталығының басшысы неврологиялық ауытқулары бар адамдарды оңалтуға арналған тренажерлер кешенін өзі әзірлеген.
 
"Бұл кешендегі құрылғылар еуропада жасалған тренажерлерді алмастыра алады және күн сайын 40-50 адамға оңалту жаттығуларын жасауға мүмкіндік береді. Біз оны өз орталығымызда қолданып жатырмыз, қазір мұнда бүкіл Қазақстаннан келетіндер көп. Басқа өңірлердегі көптеген ата-аналардан осы құрылғыларға сұраныс артып, олар жергілікті денсаулық сақтау мекемелерінен дәл осы кешендерді сатып алуды сұрап отыр. Осыған байланысты біз өзіміздің жаттығу құрылғыларымыз арқылы мемлекеттік оңалту орталықтарында мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетуге дайын екенімізді айтқым келеді", деді Александр Мякота.

"Nur Otan" облыстық филиалының басшысы ұсынылып отырған бұл әдістеме мен жабдықтар тек шынымен тиімді болған жағдайда ғана мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орнатуға болатынын айтты. Әбілқайыр Сқақов бір ай ішінде барлық мүмкіндіктер қарастырылып, бұл мәселе партия тарапынан бақылауға алынғанын жеткізді.

"Егер олар ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмектесіп жатқан болса, біз мұндай рационализаторлық шешімдерді міндетті түрде қолдайтын боламыз", деп түйіндеді ол.

Сондай-ақ, Әбілқайыр Сқақов Павлодардың, Екібастұздың және Павлодар ауданының тұрғындарын қабылдады. Олардың сұрақтары медициналық тексеруге, қашықтан оқу үшін ноутбук жетіспеушілігі және үйлері өртенгендерге тұрғын үй бөлуге қатысты болды. Барлық мәселе партиялық бақылауға алынды.