Аймақтар • 15 Қазан, 2020

Қызылордада “Қауіпсіз қала” жедел-алдын алу іс-шарасы өтті

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада  “Қауіпсіз қала” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында қоғамдық тәртіпті бұзудың 12 дерегі анықталды, – деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылордада “Қауіпсіз қала” жедел-алдын алу іс-шарасы өтті

Жол қауіпсіздігін сақтау  және жедел жағдайды тұрақтандыру, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың және өзге де құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу мақсатында  8-12 қазан аралығында Қызылорда қаласы аумағында “Қауіпсіз қала”  іс-шарасы өткізілді. Жедел – профилактикалық іс- шара нәтижесінде қоғамдық тәртіпті бұзудың 12 дерегі анықталды.

Атап айтқанда, есірткі затын заңсыз тасымалдаудың екі дерегі анықталып, сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары басталды. Бұдан басқа суық қару алып жүрудің бір дерегі анықталып,  пышақ алынды. 2020 жылдың шілде айынан бері хабар – ошарсыз кеткен бір азамат табылды.

Кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде ата – анасының қарауынсыз жүру фактісінің екі дерегі анықталып, олардың ата-анасына айыппұл салынды. Автокөлікті басқару құқығын растайтын тиісті құжаттары болмауына байланысты төрт  жүргізушіге қатысты  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 612-бабына (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктер айып тұрағына қойылды.

Автокөлік терезелерін заңсыз көлеңкелеп қойғаны, мемлекеттік тіркеу нөмірін теріс таққаны сияқты құқық бұзушылықтары үшін екі жүргізушіге қатысты  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 590-бабына (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу)  сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды.