Аймақтар • 15 Қазан, 2020

Елордада демалыс күндері көрмелер мен спектакльдер өтеді

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы демалыс күндері елорданың мәдени ошақтарындағы театр қойылымдарын, экскурсиялар мен онлайн кездесулерді қала тұрғындары мен қонақтары тамашалай алады. Барлық іс-шаралар санитарлық талаптарға сай өтеді.

Елордада демалыс күндері көрмелер мен спектакльдер өтеді

Тәуелсіздік сарайында 1 қыркүйек пен 31 желтоқсан аралығында сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған "Ақанаевтар әулеті" және "Кеңістіктегі қозғалыс" көрмелерін тамашалауға болады.

Nomad City Hall-да 17 қазан күні сағат 18:00-де "Мерекелік мәзір" спектаклі өтеді.

Қалалық қуыршақ театры 17 қазан күні сағат 14:00-де instagram.com/teatrkukolnursultan және в facebook.com/teatr.kukol.astana "Акробатика в куклах" сахналық қозғалысы туралы жас көрермендерге арналған бағдарлама ұйымдастырады. 17 қазан күні сағат 22: 00-де балаларға кешкі ертегі көрсетіледі.

17 қазан күні сағат 19:00-де "Жастар театры" І буын актерлерімен әлеуметтік желілерде тікелей онлайн-эфир өткізеді: instagram.com/zhastar_teatry;
facebook.com/zhastar.theatry; youtube.com.

М. Горький атындағы драма театрында 17 қазан күні сағат 11:00-де "Маша, Серый и Потапыч" ертегісі қойылады. Оның трансляциясы әлеуметтік желілерде жүргізіледі: youtube.com; instagram.com.

М. Горький атындағы драма театрының кіші залында 17 қазан күні сағат 18:00-де көрермендерге Р.Кунидің "Смешные деньги" комедиясы ұсынылады. 18 қазан сағат 12:00-де балаларға instagram-да актерлер “Сказка в дом“ ертегісін көрсетеді.