Оңтүстік Қазақстан • 15 Қазан, 2020

Шымкентте "Ойлы болсаң, озып көр" атты зияткерлік байқауы басталды

469 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Шымкент қаласында "Ойлы болсаң, озып көр" интеллектуалды байқауы бастау алды. Іс-шара Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы шеңберінде және "Интеллектуалды ұлт – 2020" жобасы аясында қала әкімі Мұрат Әйтеновтың қолдауымен ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкентте "Ойлы болсаң, озып көр" атты зияткерлік байқауы басталды

Интелектуалды жарыстың ашылу салтанатына қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов аталмыш жобаның мақсаты жастарды зияткерлік спорт түріне баулуға бағытталғанын атап өтті. Яғни шахмат, тоғызқұмалақ және дойбы ойындары арқылы жастардың ойлау қабілетін арттырып, саналы ұрпақ қалыптастыру.  Тағы бір  қуанарлық жайт, енді Шымкент қаласының мектептерінде шахмат өнері пән ретінде енгізіліп, интеллектуалдық ойынның өрісі кеңейетін болды.

Шаһарымызда өтетін бұл зияткерлік ойындар жеке бастың мінез-құлқының қалыптасуына, олардың ұстамды және ізденімпаз болуына, ойлау қабілетінің артуына ықпал ету болмақ.

Жоба жетекшісі, "Еркін ой" газетінің бас редакторы Балтабек Түйетаевтың айтуынша, байқауда қатысушылар 3 топқа бөлінеді.  Тарқатып айтар болсақ, І топ – жасөспірімдер (14 жасқа дейін); ІІ топ – ересектер (40 жасқа дейін); ІІІ топ – Ардагерлер арасында өзара сайысқа түспек. 

"Ойлы болсаң, озып көр!" байқауы 15 қазан күні, яғни бүгін шымылдығын түріп, жыл соңына дейін жалғасады. Жалпы жүлде қоры – 2,5 млн теңге.